Өскеменде түрмеден қашып кеткен ер адам ұсталды

© Photo : Рixabay/Beatrice SchmukiАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында сотталған ер адам түрмеден қашып кетті. Оны полиция бір сағаттың ішінде қолға түсірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін қылмыстық-атқару департаментінің №16 мекемесінен қарақшылық үшін сотталған ер адам қашып кеткен. Шұғыл түрде іздестіру басталды. Қашқын бір сағаттың ішінде ұсталды.
Өскемен қаласының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 426-бабы (Бас бостандығынан айыру орындарынан қашу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Оған қоса, қылмыстық-атқару департаментінде қызметтік тексеріс басталды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2022
Іздеуде жүрген қылмыскерлер Алматыда ұсталды
Жаңалықтар
0