Оралда алаяқ оқушыны алдап кетті

CC0 / William Iven / Смартфон с наушниками
Смартфон с наушниками - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Орал қаласында мектепке келген алаяқ оқушыны алдап, телефонын алып қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
26 жастағы әйел мектептің артқы есігінен кіріп, дәлізде өтіп бара жатқан 4-ші сынып оқушысын тоқтатқан. Балаға өзін педагог ретінде таныстырады. Сосын мектепте комиссия жүргенін, дәлізде ұялы телефон ұстауға болмайтынын, кейін қайтарып беретінін айтып, телефонды алып қойған.
Алаяқ әйелдің мектепке кірген сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды.
Полиция оны ұстады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 1 000 (3 450 000 теңге) АЕК-ке дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0