https://sputnik.kz/20230222/memlekettik-mekeme-balyqty-oz-bagasynan-6-ese-qymbatqa-satyp-almaq-bolgan-32356440.html
Мемлекеттік мекеме балықты өз бағасынан 6 есе қымбатқа сатып алмақ болған
Мемлекеттік мекеме балықты өз бағасынан 6 есе қымбатқа сатып алмақ болған
Sputnik Қазақстан
ПЕТРОПАВЛ, 22 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында сотталғандарды жұмысқа орналастыратын "Еңбек-Қызылжар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының... 22.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-22T20:00+0500
2023-02-22T20:00+0500
2023-02-22T20:00+0500
балық
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/17/18971663_0:119:1280:839_1920x0_80_0_0_aee6a0db935b880616e354415d79a890.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 22 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында сотталғандарды жұмысқа орналастыратын "Еңбек-Қызылжар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өңірдегі филиалы минтай балығының килограмын 12 мың теңгеден сатып алмақ болған.Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдеді.Оның айтуынша, өткен жылы антикор мемлекеттік сатып алу бағасын негізсіз көтерудің 96 фактісін анықтап, 49 мемлекеттік органда бағаны төмендету бойынша шаралар қабылдаған. Нәтижесінде 2 млрд теңге үнемделді.Осы жылдың қаңтар айында 14 мемлекеттік органға мемлекеттік сатып алу жоспарларының құнын 170 млн теңгеден астам сомаға азайту туралы 19 ұсыныс хат жіберілген.Мәселен, Уәлиханов аудандық ауруханасы өңірде тоннасы 15 мың теңге болатын көмірдің киллограмын 10 мың теңгеден сатып алмақ болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кіріскеннен кейін әкімші мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізді."Тайынша ауданының білім бөліміне жоспардың алты тармағын қайта қарау бойынша ұсынымдар жіберілді. Жиһаз, қазандық және оқу кабинеттерін сатып алу бағасын төмендетіп, 115 млн теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік туды", - деп қорытындылады Сергей Перов.
https://sputnik.kz/20230203/aqmola-oblysynda-100-mln-tenge-zhymqyrgan-politseyler-sottaldy-31741262.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/17/18971663_2:0:1279:958_1920x0_80_0_0_97f02ae8201cd84a24a1891d7f58ac6c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балық, сыбайлас жемқорлық
балық, сыбайлас жемқорлық
Мемлекеттік мекеме балықты өз бағасынан 6 есе қымбатқа сатып алмақ болған
ПЕТРОПАВЛ, 22 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында сотталғандарды жұмысқа орналастыратын "Еңбек-Қызылжар" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өңірдегі филиалы минтай балығының килограмын 12 мың теңгеден сатып алмақ болған.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдеді.
Оның айтуынша, өткен жылы антикор мемлекеттік сатып алу бағасын негізсіз көтерудің 96 фактісін анықтап, 49 мемлекеттік органда бағаны төмендету бойынша шаралар қабылдаған. Нәтижесінде 2 млрд теңге үнемделді.
"Мәселен, "Еңбек-Қызылжар" филиалында бір килограмын 12 мың теңгеге сатып алмақ болған балықтың бағасы төмендетілді. Нәтижесінде150 млн теңге үнемделді. Мемлекеттік мекеме бағаны алты есе көтерген", - деді өңірдегі антикор басшысы.
Осы жылдың қаңтар айында 14 мемлекеттік органға мемлекеттік сатып алу жоспарларының құнын 170 млн теңгеден астам сомаға азайту туралы 19 ұсыныс хат жіберілген.
Мәселен, Уәлиханов аудандық ауруханасы өңірде тоннасы 15 мың теңге болатын көмірдің киллограмын 10 мың теңгеден сатып алмақ болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кіріскеннен кейін әкімші мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізді.
"Тайынша ауданының білім бөліміне жоспардың алты тармағын қайта қарау бойынша ұсынымдар жіберілді. Жиһаз, қазандық және оқу кабинеттерін сатып алу бағасын төмендетіп, 115 млн теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік туды", - деп қорытындылады Сергей Перов.