Қоғам

Тізім бекітілді: Қазақстан кімдерге елде 10 жыл тұрақты тұруға рұқсат береді

© Photo : СС0 / Darko StojanovicАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетел азаматтарына республикада тұруға ықтиярхат алуға мүмкіндік беретін сұранысқа ие мамандықтар тізімін бекітті.
Тізімге денсаулық сақтау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия, ғылым және тағы басқа салаларда сұранысқа ие 21 мамандық енген.
"Сұранысқа ие мамандықты меңгерген шетелдіктер төлем қабілеттілігін растамай, ішкі істер органдарында оңайлатылған тәртіппен тұруға рұқсат рәсімдей алады. Тұруға рұқсат 10 жылға немесе шетелдік паспорттың қолданылу мерзіміне сәйкес беріледі", - деп мәлімдеді еңбек министрлігіндегілер.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптер тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы 2023 жылғы 28 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Сұранысқа ие мамандықтар тізімі:
1.
Дәрігер-нейрохируг;
2.
Дәрігер-гематолог;
3.
Дәрігер-онколог;
4.
Дәрігер-неонатолог;
5.
Дәрігер-эндокринолог;
6.
Органикалық емес заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші;
7.
Органикалық заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші;
8.
Фармация инженер-технологы;
9.
Пайдалы қазбаларды дайындау жөніндегі инженер-зерттеуші;
10.
Авиациялық инженер;
11.
Ғарыш жүйесінің аппараттық-бағдарламалық қамтылымы жөніндегі инженері;
12.
Жаңа техника мен технологияны енгізу жөніндегі инженер;
13.
Лазерлік жабдық жөніндегі инженер;
14.
Целлюлоза, қағаз, полиграфия және талшық өндірісі технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші;
15.
Инженер-медициналық радиохимик;
16.
Инженер-медициналық физик;
17.
Тоқыма шикізатының классификаторы;
18.
Бактериолог;
19.
АТ инфрақұрылымының архитекторы;
20.
Бағдарламалық қамтылым архитекторы;
21.
Өндірістік оқыту шебері (инженерия және инженерлік іс).
Жаңалықтар
0