Оқиға

Ақтөбеде мектеп отқа оранды

© Photo : ҚР төтенше жағдайлар министрлігіАқтөбеде мектеп отқа оранды
Ақтөбеде мектеп отқа оранды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Ақтөбе қаласында мектеп өртенді. Жүздеген бала қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 08:01-де "112" құтқару қызметіне 23 орта мектеп-лицейінде өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына бірден 53 құтқарушы мен 14 техника жіберілген.
"Құтқарушылар барғанда 1-қабатта орналасқан кабинет өртеніп жатқан. Мектеп-лицейден 890 оқушы мен 60 ересек адам эвуакацияланды. Зардап шеккендер жоқ", - дейді мамандар.
Тілсіз жау сағат 08:12-де толығымен ауыздықталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, өрт электр сымдардың тұйықталуынан шыққан.
Жаңалықтар
0