Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин: Батыс Украинаға әскери көмекке 150 миллиард доллар жұмсады

© Sputnik / Павел Бедняков / Медиабанкке өтуОфициальный визит президента РФ В. Путина в Киргизию. День второй
Официальный визит президента РФ В. Путина в Киргизию. День второй - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Батыс Украинаға әскери көмек көрсетуге 150 миллиард доллар жұмсады, бұл ақша ағыны азаймай отыр, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин Федералдық жиында.
"Батыс қазірдің өзінде Киев режиміне көмектесу және қаруландыру үшін 150 миллиард доллардан астам қаражат жұмсады", - деді Путин.
Ол Экономикалық ынтымақтастық және даму қауымдастығының мәліметі бойынша, G7 елдері 2020-2021 жылдары әлемдегі ең кедей елдерге көмек көрсету үшін шамамен 60 миллиард доллар бөлгенін мәлімдеді.
"Соғысқа 150 миллиард доллар, кедей елдерге 60 миллиард доллар бөліп отыр. Оның үстіне бұл қаражатта ол елдерге белгілі бір талаппен ғана ұсынады. Сонда кедейлікпен күрес туралы әңгіме қайда қалды? Тұрақты даму туралы, қоршаған орта туралы сөз ше? Бәрі қайда кетті? Соғысқа жұмсаған ақша ағыны азаймай жатыр", - деді Путин.
Оның айтуынша, Батыс дүние жүзіндегі "басқа елдердегі тәртіпсіздіктер мен төңкерістерді ынталандыру үшін де ақша аямайды".
Жаңалықтар
0