https://sputnik.kz/20230221/petropavl-mektebindegi-zhagdaydan-keyin-balabaqshalar-da-tekseriledi-32308570.html
Петропавл мектебіндегі жағдайдан кейін балабақшалар да тексеріледі
Петропавл мектебіндегі жағдайдан кейін балабақшалар да тексеріледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстанда барлық мектепке дейінгі ұйымның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі... 21.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-21T13:39+0500
2023-02-21T13:39+0500
2023-02-21T13:40+0500
өңірлер
петропавл
мектеп
балабақша
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32026379_0:97:1024:673_1920x0_80_0_0_fabbb4c43d09c2bff7aba1c39b44d1b2.jpg
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстанда барлық мектепке дейінгі ұйымның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ол министрдің бұйрығында бейнекамералардың моделіне дейін талаптар қойылғанын атап өтті. Алайда, айтуынша, ұйымдардың бәрі бірдей бұл талаптарды сақтай бермейді. "Мектепке дейінгі ұйымда істейтін әрбір адам бұл оқиғадан (Петропавл мектебіндегі төтенше жағдай - Sputnik) сабақ алатыны сөзсіз. Бақылауға тоқталсақ, біздің тарапымыздан мектепке дейінгі барлық ұйымды қауіпсіздік ережелеріне сәйкестігін тағы бір мәрте тексеру бойынша шаралар пысықталып жатыр", - деді Жұмаділдаева орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Бейнекамералары немесе басқа қорғаныс құралдары жоқ балабақшалар анықталса, жергілікті атқарушы органдармен және кәсіпкерлер палатасымен тиісті шаралар қабылданады. Петропавл мектебіндегі жағдай13 ақпан күні Петропавл қаласының 4 орта мектебінде 9-сынып оқушысы мектепке балтамен келіп, үш баланы жарақаттады. Ол психиатриялық есепте тұрған. Жасөспірім ұсталды. Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
https://sputnik.kz/20230214/psikhikalyq-auytquy-bar-balaga-mektepte-oquyn-zhalgastyruga-kim-ruqsat-bergeni-belgili-boldy-32069626.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32026379_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_1f78beb6aaed5aaafb38dcdffb72c59d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл, мектеп, балабақша
петропавл, мектеп, балабақша
Петропавл мектебіндегі жағдайдан кейін балабақшалар да тексеріледі
13:39 21.02.2023 (жаңартылды: 13:40 21.02.2023) АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстанда барлық мектепке дейінгі ұйымның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол министрдің бұйрығында бейнекамералардың моделіне дейін талаптар қойылғанын атап өтті. Алайда, айтуынша, ұйымдардың бәрі бірдей бұл талаптарды сақтай бермейді.
"Мектепке дейінгі ұйымда істейтін әрбір адам бұл оқиғадан (Петропавл мектебіндегі төтенше жағдай - Sputnik) сабақ алатыны сөзсіз. Бақылауға тоқталсақ, біздің тарапымыздан мектепке дейінгі барлық ұйымды қауіпсіздік ережелеріне сәйкестігін тағы бір мәрте тексеру бойынша шаралар пысықталып жатыр", - деді Жұмаділдаева орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бейнекамералары немесе басқа қорғаныс құралдары жоқ балабақшалар анықталса, жергілікті атқарушы органдармен және кәсіпкерлер палатасымен тиісті шаралар қабылданады.
Петропавл мектебіндегі жағдай
13 ақпан күні Петропавл қаласының 4 орта мектебінде 9-сынып оқушысы мектепке балтамен келіп, үш баланы жарақаттады.
Ол психиатриялық есепте тұрған. Жасөспірім ұсталды. Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.