https://sputnik.kz/20230221/ozbekstan-aqtau-porty-arqyly-euroodaq-elderine-zhuk-tasymaldauy-mumkin-32279288.html
Өзбекстан Ақтау порты арқылы Еуроодақ елдеріне жүк тасымалдауы мүмкін
Өзбекстан Ақтау порты арқылы Еуроодақ елдеріне жүк тасымалдауы мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Өзбекстан билігі Транскаспий халықаралық көлік бағдары аясында Ақтау порты арқылы Еуропаға жүк тасымалдауды жандандырмақ, деп... 21.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-21T21:50+0500
2023-02-21T21:50+0500
2023-08-10T16:53+0500
өзбекстан
ақтау
https://sputnik.kz/img/old/875/70/8757035_0:515:2777:2077_1920x0_80_0_0_fd738f4d775e67f623c781859ddd899c.jpg
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Өзбекстан билігі Транскаспий халықаралық көлік бағдары аясында Ақтау порты арқылы Еуропаға жүк тасымалдауды жандандырмақ, деп хабарлады дүйсенбіде Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің "Дуне" ақпарат агенттігі.Агенттіктің хабарлауынша, Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулы Атабек Тұрсынбеков пен "Ақтау теңіз сауда порты" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев қазақстандық теңіз айлағы арқылы өзбек өнімдерін Еуропаға экспорттау мәселесін талқылады."Ақтау теңіз сауда портының басшысы Ақтау теңіз сауда порты арқылы тауарларды ауыстырып тиеу үшін өзбек экспорттаушыларының өтінімдерін қабылдауға және оларға арнайы жеңілдік ұсынуға дайын екенін білдірді", - деп жазылған "Дуне" сайтының хабарламасында.Түрікпенбаев порттың мүмкіндіктерін кеңейту болашақта өзбек кәсіпкерлері үшін еуропалық нарыққа шығудың балама жолы болатынын айтты.Қазақстандық тараптың пікірінше, порт транзиттік және контейнерлік тасымал арқылы қызметтерді әртараптандыруды қоса алғанда, өз мүмкіндіктерін арттырып, Транскаспий халықаралық көлік бағдарының бір бөлігіне айналып жатыр.
өзбекстан
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/875/70/8757035_0:255:2777:2337_1920x0_80_0_0_1375fb899ac50450966b9c9a5017e9f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан, ақтау
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Өзбекстан билігі Транскаспий халықаралық көлік бағдары аясында Ақтау порты арқылы Еуропаға жүк тасымалдауды жандандырмақ, деп хабарлады дүйсенбіде Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің "Дуне" ақпарат агенттігі.
Агенттіктің хабарлауынша, Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулы Атабек Тұрсынбеков пен "Ақтау теңіз сауда порты" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев қазақстандық теңіз айлағы арқылы өзбек өнімдерін Еуропаға экспорттау мәселесін талқылады.
"Ақтау теңіз сауда портының басшысы Ақтау теңіз сауда порты арқылы тауарларды ауыстырып тиеу үшін өзбек экспорттаушыларының өтінімдерін қабылдауға және оларға арнайы жеңілдік ұсынуға дайын екенін білдірді", - деп жазылған "Дуне" сайтының хабарламасында.
Түрікпенбаев порттың мүмкіндіктерін кеңейту болашақта өзбек кәсіпкерлері үшін еуропалық нарыққа шығудың балама жолы болатынын айтты.
Қазақстандық тараптың пікірінше, порт транзиттік және контейнерлік тасымал арқылы қызметтерді әртараптандыруды қоса алғанда, өз мүмкіндіктерін арттырып, Транскаспий халықаралық көлік бағдарының бір бөлігіне айналып жатыр.