https://sputnik.kz/20230221/balabaqshalarda-qansha-tarbieshi-zhetispeydi-32306271.html
Балабақшаларда 15 мыңға жуық тәрбиеші жетіспейді
Балабақшаларда 15 мыңға жуық тәрбиеші жетіспейді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Қазіргі таңда республика бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда 15 мыңға жуық тәрбиеші жетіспейді. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі... 21.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-21T12:52+0500
2023-02-21T12:52+0500
2023-02-21T12:52+0500
білім
балабақша
https://sputnik.kz/img/07e7/01/01/30801217_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_5868f91a2e923767c7580b818b7d1f39.jpg
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Қазіргі таңда республика бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда 15 мыңға жуық тәрбиеші жетіспейді. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі Ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры Манара Адамова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оның айтуынша, маман тапшылығына жалақының аздығы себеп болып отыр. "Бүгінгі таңда 15 мыңдай тәрбиеші жетіспейді. Әрине, бірінші себебі, жасыратыны жоқ, жалақының аздығы. Жалақы аз болғаннан кейін жас мамандар тарапынан қызығушылық жоқ. Содан кейін жұмыс істеп жүрген мамандар біраз тәжірибе жинағаннан кейін айлығы көп мектепке ауысып кетіп жатады. Айналып келгенде барлығы жалақының аздығына байланысты болып тұр", - деді Адамова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Ол балабақша саны көп өңірлерде тапшылық қатты сезілетінін атап өтті. Олар Түркістан мен Алматы облыстары, Астана қаласы. Институт директорының мәліметінше, Қазақстанда 11 104 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның ішіне балабақшалар да, шағын орталықтар да кіреді. Оларда 1 миллионнан астам бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Балабақшалардың 70 пайызы қазақ тілінде тәрбие береді.
https://sputnik.kz/20230221/balabaqsha-tarbieshileri-qansha-zhalaqy-alady-32304376.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/01/30801217_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_8ff9c813f1f3641a204d2f8eeb4dc5e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша
Балабақшаларда 15 мыңға жуық тәрбиеші жетіспейді
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Қазіргі таңда республика бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда 15 мыңға жуық тәрбиеші жетіспейді. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі Ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры Манара Адамова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, маман тапшылығына жалақының аздығы себеп болып отыр.
"Бүгінгі таңда 15 мыңдай тәрбиеші жетіспейді. Әрине, бірінші себебі, жасыратыны жоқ, жалақының аздығы. Жалақы аз болғаннан кейін жас мамандар тарапынан қызығушылық жоқ. Содан кейін жұмыс істеп жүрген мамандар біраз тәжірибе жинағаннан кейін айлығы көп мектепке ауысып кетіп жатады. Айналып келгенде барлығы жалақының аздығына байланысты болып тұр", - деді Адамова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ол балабақша саны көп өңірлерде тапшылық қатты сезілетінін атап өтті. Олар Түркістан мен Алматы облыстары, Астана қаласы.
Институт директорының мәліметінше, Қазақстанда 11 104 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның ішіне балабақшалар да, шағын орталықтар да кіреді. Оларда 1 миллионнан астам бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Балабақшалардың 70 пайызы қазақ тілінде тәрбие береді.