https://sputnik.kz/20230220/tmd-taksi-qyzmeti-qazaqstan-32280899.html
ТМД елдері арасында такси қызметі Қазақстанда қымбат болып шықты
ТМД елдері арасында такси қызметі Қазақстанда қымбат болып шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстанда биыл қаңтар айының қорытындысы бойынша такси қызметі бір жыл ішінде 12,2%-ке қымбаттады, деп хабарлайды Energyprom.kz. 20.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-20T16:13+0500
2023-02-20T16:13+0500
2023-02-20T16:13+0500
қоғам
такси
https://sputnik.kz/img/1146/76/11467604_0:0:3154:1774_1920x0_80_0_0_f6fd99fcf0f7a4439d3fedb0c7739e68.jpg
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстанда биыл қаңтар айының қорытындысы бойынша такси қызметі бір жыл ішінде 12,2%-ке қымбаттады, деп хабарлайды Energyprom.kz.Өңірлер арасында такси қызметі Атырау облысында қатты қымбаттады: баға бір жылда 37,5%-ке өскен. Одан кейін Жетісу және Абай облыстары – сәйкесінше 33% және 31,2% тұр.Ең төмен жылдық өсім – небәрі 0,5% Ақмола облысында тіркелді. Тағы үш өңір — Қарағанды, Түркістан және Ұлытау облыстарында баға сол бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.Numbeo мәліметіне сүйенсек, стандартты тариф бойынша 1 шақырым такси қызметіне ең төмен баға Египетте (0,16 доллар), Пәкістанда (0,19 доллар) және Беларусьте (0,2 доллар) тіркелді.ТМД бойынша арзан елдер ондығына Армения мен Өзбекстан (0,26 доллар), Украина, Молдова және Ресей (0,27 доллар) кірді. Қазақстан (0,44 доллар) мен Әзербайжанда (0,59 доллар) такси қызметі қымбатырақ болып шықты.Ал Швейцария (4,25 доллар), Кувейт (3,27 доллар) және Ямайкада (3,26 доллар) такси қызметі өте қымбат.2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы құндық мәнде бір жылда 16%-ке өсіп, 5 млрд теңгеге жетті.Ең жоғары көрсеткіш Қарағанды облысында байқалды, компаниялардың табысы бір жыл ішінде 49,5%-ке артып, 2,1 млрд теңгеге жеткен. Үздік үштікке, сондай-ақ, Астана (1,1 млрд теңге, 0,2%-ке көбейген) мен Алматы (1 млрд теңге, 0,9%-ке азайған) қалалары кірді.Осы кезеңде такси қызметін 2,4 миллиард жолаушы пайдаланған, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 1,2%-ке аз.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1146/76/11467604_211:0:2942:2048_1920x0_80_0_0_c581dce7184b11720cf39f099bffda71.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
такси
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстанда биыл қаңтар айының қорытындысы бойынша такси қызметі бір жыл ішінде 12,2%-ке қымбаттады, деп хабарлайды
Energyprom.kz. Өңірлер арасында такси қызметі Атырау облысында қатты қымбаттады: баға бір жылда 37,5%-ке өскен. Одан кейін Жетісу және Абай облыстары – сәйкесінше 33% және 31,2% тұр.
Ең төмен жылдық өсім – небәрі 0,5% Ақмола облысында тіркелді. Тағы үш өңір — Қарағанды, Түркістан және Ұлытау облыстарында баға сол бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.
Numbeo мәліметіне сүйенсек, стандартты тариф бойынша 1 шақырым такси қызметіне ең төмен баға Египетте (0,16 доллар), Пәкістанда (0,19 доллар) және Беларусьте (0,2 доллар) тіркелді.
ТМД бойынша арзан елдер ондығына Армения мен Өзбекстан (0,26 доллар), Украина, Молдова және Ресей (0,27 доллар) кірді. Қазақстан (0,44 доллар) мен Әзербайжанда (0,59 доллар) такси қызметі қымбатырақ болып шықты.
Ал Швейцария (4,25 доллар), Кувейт (3,27 доллар) және Ямайкада (3,26 доллар) такси қызметі өте қымбат.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы құндық мәнде бір жылда 16%-ке өсіп, 5 млрд теңгеге жетті.
Ең жоғары көрсеткіш Қарағанды облысында байқалды, компаниялардың табысы бір жыл ішінде 49,5%-ке артып, 2,1 млрд теңгеге жеткен. Үздік үштікке, сондай-ақ, Астана (1,1 млрд теңге, 0,2%-ке көбейген) мен Алматы (1 млрд теңге, 0,9%-ке азайған) қалалары кірді.
Осы кезеңде такси қызметін 2,4 миллиард жолаушы пайдаланған, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 1,2%-ке аз.