Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей мен Үндістан Су-57 бірлескен өндірісіне дайын

© Photo : Объединенный пресс-центр учений ОДКБ Российские и казахстанские экипажи Су-25 и СУ-30СМ на учениях ОДКБ в Казахстане
Российские и казахстанские экипажи Су-25 и СУ-30СМ на учениях ОДКБ в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2023
Жазылу
Ресейді халықаралық ауқымда оқшаулау Батыс ойлағандай жүзеге аспай отыр. Бұған Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясы, ресейлік қорғаныс өнеркәсібі кешендерінің өнімі таныстырылған Үндістан мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі қару-жарақ көрмесі дәлел болып отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко
Ресей арнайы әскер операция кезінде және әлемдік қару-жарақ нарығында ұлттық қауіпсіздікті қорғаудың үлгісін көрсетіп жатыр. Батыс елдері Мюнхен конференциясы кезінде Африка мен Латын Америкасы елдерін Ресей Федерациясына қатысты сыртқы саяси ұстанымды қатаңдатуға көндіру құралы ретінде қолдануға тырысты. Бірақ бұл әрекетінен түк шықпады.
"Ақпанда Батыс әскери-технологиялық тұрғыдан тағы жеңілді. Үндістандағы Aero India 2023 авиағарыш көрмесінде және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі IDEX 2023 қорғаныс өнімдерінің көрмесінде ресейлік қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің жүздеген үлгісі мамандар мен тұтынушылардың назарында тұр. Aero India 2023 ұшу бағдарламасын Үндістан әскери-әуе күштерінің Су-30МКИ және МиГ-29UPG ұшақтары ашты", - деп жазды Хроленко.
Еске салсақ, Үндістан Ресейден 272 дана Су-30 жойғыш ұшағын сатып алды. Олардың көбісі Үндістанда құрастырылған. Дели болашақта ресейлік ұшақтар үшін миллиардтаған доллар төлеуге дайын екенін мәлімдеді.
13-17 ақпанда Бангалорда өткен 14-ші авиағарыш көрмесі аясында Үндістан мен Ресей Hindustan Aeronautics Limited корпорациясының технологиялық базасын пайдалана отырып, бесінші буындағы Су-57 жойғыш ұшақтарының лицензиялық өндірісін талқылады. Үндістан әуе күштерінің негізін құрайтын төртінші буынға жататын Су-30МКИ жойғыш ұшақтарын шығаруда екі елдің бірлескен тәжірибесі бар.
Бұған дейін Үндістан мен Ресей бірлесіп FGFA бағдарламасы бойынша бесінші буын жойғыш ұшағын (Су-57 модификациясы) дайындаған болатын. MilitaryWatch Magazine журналының хабарлауынша, лицензия бойынша Су-57 ұшағының үлкен тапсырысын беріп, өндірісті іске қосу Үндістан үшін бесінші буындағы жойғыш ұшағын алудың жалғыз мүмкіндігі. Нью-Дели Қытай немесе АҚШ-пен мұндай өзара әрекеттестік орнатуына әр түрлі әскери және саяси себептерге кедергі.
Америкалық Military Watch басылымы жауынгерлік тәжірибесі бойынша Су-57 жойғыш ұшағы әлемдегі бесінші буындағы балама техникадан әлдеқайда жоғары екенін атап өтті. Мұндай пікірге 2022 жылдың наурыз айынан бастап ресейлік ұшақтардың Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері мен әуе күштеріне қарсы орналастырылуы да себеп. Ресейлік әскери-ғарыш күштерінің Су-57 ұшақтарының бірінші полкі 2023 жылдың соңына дейін толықтай қалыптастырылуы мүмкін.
"Бұл жойғыш ұшақ жетілдірілген мүмкіндіктерімен, оның ішінде алты радарды қолдану, ерекше маневрлік, 400 километрге дейін жететін R-37M гипердыбыстық зымырандарымен бағаланады. Айта кету керек, Ресей Бангалорда әскери-әуе күштері мен әуе қорғанысы әскери техникасының озық екі жүз үлгісін таныстырды. Олардың қатартында МиГ-35Д көпфункционалды жауынгерлік жойғыш ұшағы, Ка-52, Ми-28Н және Ми-8АМТСш тікұшақтарының экспорт нұсқалары бар", - деп жазды сарапшы.
Үндістан ресейлік қарудың негізгі сатып алушыларының бірі болып саналады және соңғы 30 жылда Ресей Федерациясынан 70 миллиард долларға арсенал сатып алды. Құны 14 миллиард долларды құрайтын әскери тапсырыстар портфелінде Нью-Делимен 2024 жылдың соңына дейін С-400 зениттік зымыран кешенінің бес полк жинағын жеткізу туралы келісімшарт бар. Бұған дейін Үндістан мен Ресей 2030 жылға дейінгі әскери-техникалық ынтымақтастық бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар Таяу Шығыста ресейлік 5-ші буындағы жойғыш ұшақтарды бірлесіп шығару жобалары да сәтті жүзеге асырылатыны белгілі. Ресейлік Checkmate жойғыш ұшағы Dubai Airshow 2021 халықаралық көрмесінде оң жағынан таныстырылды.
20 ақпанда Әбу-Дабидегі IDEX 2023 көрмесінің ашылуында "Рособоронэкспорт" бас директоры Александр Михеев әлемдік нарықта ресейлік ұшақтар мен қарудың басқа түрлеріне сұраныстың жоғары екенін айтты. Оның мәліметінше, жыл сайынғы шетелге сатылым көлемі шамамен 13 миллиард долларды құрайды, ал қару-жарақ тапсырыстарының портфелі тұрақты түрде 50 миллиард доллардан асады.
Хроленконың пікірінше, бұл қаражат Ресейдің қорғаныс қабілетінің өсу қарқынын жанама түрде көрсетеді. IDEX 2023 көрмесінде Ресей Федерациясының қару-жарағы мен әскери техникасының 200 үлгісі бар павильон ондаған елдің әскери мамандары, дизайнерлері мен журналистерінің жоғары қызығушылығына ие болды. Мұнда Т-90СМ "Прорыв" танкі, "Терминатор" жаяу әскерге арналған танкі, С-400 "Триумф" пен "Антей-4000" зениттік зымыран жүйесі, С-350Е "Витязь" бен "Викинг" орта қашықтыққа арналған әуе шабуылына қарсы құралдар "Панцирь-С1М" мен "Верба" зениттік зымыран кешендері бар.
Ресей қорғаныс-өндірістік кешенін дамытуды жалғастыра береді. Ресей Федерациясының Сыртқы барлау қызметінің мәліметінше, "2021 жылдың желтоқсанынан бері НАТО елдері Украина Қарулы күштеріне 1 170 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін, 440 танк, 1 510 жаяу әскерге арналған жауынгерлік машина, 655 артиллериялық жүйені жолдаған". Бұл қарулардың көбісі бүгінде жойылған.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0