Қазақстандық профессор тісжегіні ауыртпай емдейтін құрылғы ойлап тапты

© Photo : AndrzejRembowski/РixabayМакет челюстей, иллюстративное фото
Макет челюстей, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 20 ақпан – Sputnik. Қазақ ұлттық медицина университеті терапевтік стоматология кафедрасының профессоры Серік Жолдыбаев тісжегіні (кариес) ауыртпай емдейтін аппарат ойлап тауып, жұмыста сәтті қолданып жүр, деп хабарлады ҚазҰМУ баспасөз қызметі.
Оның бірегейлігі – кариес түскен тістерді ғана егеп тазалайды және сау тістерге әсер етпейді.
"Қазір көбіне бор машинамен тазалап жатады, бор машинаға тән ерекше дыбыстар, діріл бар, адамдардың үрейін ұшыруы мүмкін. Мұнда белгілі бір қысыммен ауа-абразивті қоспамен кәдімгі ас содасын қолдана отырып, барлық ыдыраған тіндер жойылады. Бұл анестезиясыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді, ересектерді де, балаларды да емдеуге болады және үлкен сұранысқа ие және еш ауыртпайды", - деді өнертабыс авторы Серік Жолдыбаев.
ҚазҰМУ стоматология мектебі сондай-ақ импульстік режимде жұмыс істейтін импульсті электро-депофорез деп аталатын жаңа физиотерапиялық аппарат ойлап тапты. Оны тек стоматологияда ғана емес, медицинаның басқа салаларында да қолдануға болады. Аппарат периодонтитті, пародонт тіндерінің ауруын және ауыз қуысының шырышты қабығын емдеу үшін қолданылады.
"Периодонтиттерді емдеу өте қиын. Мұнда аталған құрылғымен дәрі-дәрмекті енгізіп, кез келген кезеңде қабыну процесін тоқтатуға болады. Мен оны қазір күнделікті қолданамын. Сонымен қатар тұрақты ток (мырыштау) және дәрі-дәрмекпен (форез) сіңіріледі. Бұл өте ыңғайлы. Аппараттың өзі үш түрлі құралдың қасиеттерін біріктіреді", - деп атап өтті Серік Жолдыбаев.
ҚазҰМУ профессоры бұл аппараттарды ойлап тауып, өз бетінше құрастырған. Оның айтуына қарағанда, инновацияның өзіндік құны соншалықты жоғары емес, сондықтан әзірлемелерді өнеркәсіптік өндіріске енгізуге болады және қажеттілігі зор.
Жаңалықтар
0