Білім

Қазақстанда қанша мектеп пен балабақшада лицензияланған күзет бар

© Sputnik / Тимур БатыршинМектептің кіреберісі
Мектептің кіреберісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі лицензияланған күзетпен істейтін мектептердің санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Күзет қызметін бақылау департаменті басқарма бастығының орынбасары Серік Құспановтың айтуынша, қазіргі кезде барлық мектептің 45 проценті лицензиясы бар жеке меншік күзет фирмаларымен келісімшарт рәсімдеген.
"Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша лицензиясы бар жеке меншік күзет ұйымдары 3 404 мектепті және 1 371 балабақшаны күзетіп жатыр. Соның ішінде дабыл батырмасы арқылы мобильді топты шақыртатын 250 мектеп пен 790 балабақша бар", - деді Құспанов бүгінгі онлайн брифингте.
Ал қалған білім беру мекемелері күзет шараларын өздері ұйымдастырып, адам жалдайды. Осылайша, қалған мектеп мен балабақшада лицензияланған күзет қызметі жоқ.
Айта кетері, 2022-2023 оқу жылының басында Қазақстанда 7,6 мың мектеп пен 6 мыңға жуық балабақша болған.

Петропавл мектебінде болған оқиға

13 ақпанда 9-сынып оқушысы мектепке балтамен келіп, үш баланы жарақаттады. Жасөспірімдер басынан және иығынан жарақат алған.
Мектепке балтамен келген оқушы психиатриялық есепте тұрған. Оның мектепте білім алуына Алматы қаласы Республиалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығы рұқсат берген.
Жасөспірім ұсталды. Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Білім беру мекемесінде мамандандырылған күзет қызметі болмаған.
Осы оқиғадан кейін еліміздегі барлық мектепте қауіпсіздікті тексеру жұмысы жүргізілетіні хабарланған болатын.
Петропавл мектебі - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2023
Білім
Мектепке қауіпсіздік саласындағы қызметтерді сатып алу үшін әкімдіктер аз қаржы бөледі
Жаңалықтар
0