https://sputnik.kz/20230220/mongol-imperiyasy-kone-monetalar-qazaqstan-32272089.html
Моңғол империясы тұсында соғылған көне монеталарды Қазақстаннан заңсыз әкетпек болды
Моңғол империясы тұсында соғылған көне монеталарды Қазақстаннан заңсыз әкетпек болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Алматы әуежайында Моңғол империясы тұсында соғылған көне монеталарды Қазақстаннан АҚШ-қа заңсыз әкету фактісінің жолы кесілді. 20.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-20T11:50+0500
2023-02-20T11:50+0500
2023-02-20T11:51+0500
қоғам
моңғолия
монета
https://sputnik.kz/img/07e7/02/14/32272214_0:151:1600:1051_1920x0_80_0_0_3f2c75570c2cae646435761f138c9fc8.jpg
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Алматы әуежайында Моңғол империясы тұсында соғылған көне монеталарды Қазақстаннан АҚШ-қа заңсыз әкету фактісінің жолы кесілді.Көне монеталарды елден әкетпек болған адамды Алматы мемлекеттік кірістер департаментінің "Жетісу" кеден бекеті ұстады.Монеталар құжаттарға арналған қаптама пакетке жасырылған. Кеден қызметкерлері оларды рентген қондырғының көмегімен пакетті сканерлеу барысында анықтады.Алматы мемлекеттік кірістер департаментінің ақпаратынша, монеталар болжам бойынша V-XIII ғасыр аралығында Орта Азия аумағында соғылған және тарихи құндылыққа ие.Департамент басшысының орынбасары Дәурен Мұстафиннің айтуынша, табылған заттар мәдени және тарихи құндылықтар санатына жатады, оларды Қазақстан заңнамасына сәйкес міндетті декларациялау және уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда ғана елден әкетуге болады."Қазіргі уақытта анықталған факт бойынша тәркіленген заттар мен материалдар сарапшыларға берілді. Олардың қорытындысынан кейін монеталарды елден шығармақ болған адамға қатысты тиісті процестік шешім қабылданады", - делінген хабарламада.Айта кетері, соңғы уақытта тыйым салынған тауарларды пошта арқылы контрабандалық жолмен әкелу фактілері көбейді.Тек былтырдың өзінде Алматы қаласының әуежайында айналымға тыйым салынған тауарларды, оның ішінде есірткі және психотроптық заттарды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді кеден шекарасы арқылы өткізудің ондаған фактісі тіркелді.
моңғолия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/14/32272214_0:0:1600:1200_1920x0_80_0_0_6264c4c323b7fe3474338425f4bd6763.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
моңғолия, монета
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Алматы әуежайында Моңғол империясы тұсында соғылған көне монеталарды Қазақстаннан АҚШ-қа заңсыз әкету фактісінің жолы кесілді.
Көне монеталарды елден әкетпек болған адамды Алматы мемлекеттік кірістер департаментінің "Жетісу" кеден бекеті ұстады.
Монеталар құжаттарға арналған қаптама пакетке жасырылған. Кеден қызметкерлері оларды рентген қондырғының көмегімен пакетті сканерлеу барысында анықтады.
Алматы мемлекеттік кірістер департаментінің ақпаратынша, монеталар болжам бойынша V-XIII ғасыр аралығында Орта Азия аумағында соғылған және тарихи құндылыққа ие.
Департамент басшысының орынбасары Дәурен Мұстафиннің айтуынша, табылған заттар мәдени және тарихи құндылықтар санатына жатады, оларды Қазақстан заңнамасына сәйкес міндетті декларациялау және уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда ғана елден әкетуге болады.
"Қазіргі уақытта анықталған факт бойынша тәркіленген заттар мен материалдар сарапшыларға берілді. Олардың қорытындысынан кейін монеталарды елден шығармақ болған адамға қатысты тиісті процестік шешім қабылданады", - делінген хабарламада.
Айта кетері, соңғы уақытта тыйым салынған тауарларды пошта арқылы контрабандалық жолмен әкелу фактілері көбейді.
Тек былтырдың өзінде Алматы қаласының әуежайында айналымға тыйым салынған тауарларды, оның ішінде есірткі және психотроптық заттарды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді кеден шекарасы арқылы өткізудің ондаған фактісі тіркелді.