https://sputnik.kz/20230220/air-astana-2022-zhyly-tasymaldagan-zholaushylar-sany-rekordtyq-korsetkishke-zhetti-32280570.html
Air Astana 2022 жылы тасымалдаған жолаушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті
Air Astana 2022 жылы тасымалдаған жолаушылар саны рекордтық көрсеткішке жетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы 2022 жылы 7,35 миллион жолаушы тасымалдады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 11%-ке көп. 20.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-20T15:14+0500
2023-02-20T15:14+0500
2023-02-20T15:14+0500
эйр астана
https://sputnik.kz/img/97/85/978563_0:58:3627:2098_1920x0_80_0_0_cb01c0485f8332fafc5421239af6ab6b.jpg
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы 2022 жылы 7,35 миллион жолаушы тасымалдады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 11%-ке көп."Бұл әуе компаниясының 20 жылдық тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда жолаушылар санының жалпы өсімі 44%-ті құрады", - деп жазылған компания хабарламасында.FlyArystan бюджеттік бөлімшесінің жолаушылар ағыны 3,7 есе өсіп, 3,25 миллион адамды құрады."Қайғылы қаңтар оқиғасына және Ресейге, Ресейден және Ресей арқылы өтетін бағыттардың тоқтауына әкелген Украинадағы әскери іс-қимылдарға қарамастан, 2022 жылғы көрсеткіш күткен деңгейден асып түсті. Азияға, Үндістанға, Еуропаға, Парсы шығанағы мен Кавказға жеткізу мүмкіндігін арттыру арқылы әуе компаниясы аталған бағыттардың орнын толтыра алды", - деді Питер Фостер.Оның айтуынша, компания бағдарлар желісі мен әуе кемелері паркінің кеңеюіне қарай одан әрі өсім күтіп отыр. 2023 жылдан 2025 жылдың аяғына дейін Airbus 320 және Boeing 787 тобындағы 29 ұшақты жеткізу көзделіп отыр.Air Astana – Қазақстанның "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры (51%) мен Ұлыбританияның BAE Systems (49%) компаниясы арасындағы бірлескен кәсіпорын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/97/85/978563_0:0:3365:2524_1920x0_80_0_0_9d50b4a7600a98b9b6c061db3bb4e727.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
эйр астана
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы 2022 жылы 7,35 миллион жолаушы тасымалдады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 11%-ке көп.
"Бұл әуе компаниясының 20 жылдық тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда жолаушылар санының жалпы өсімі 44%-ті құрады", - деп жазылған компания хабарламасында.
FlyArystan бюджеттік бөлімшесінің жолаушылар ағыны 3,7 есе өсіп, 3,25 миллион адамды құрады.
"Қайғылы қаңтар оқиғасына және Ресейге, Ресейден және Ресей арқылы өтетін бағыттардың тоқтауына әкелген Украинадағы әскери іс-қимылдарға қарамастан, 2022 жылғы көрсеткіш күткен деңгейден асып түсті. Азияға, Үндістанға, Еуропаға, Парсы шығанағы мен Кавказға жеткізу мүмкіндігін арттыру арқылы әуе компаниясы аталған бағыттардың орнын толтыра алды", - деді Питер Фостер.
Оның айтуынша, компания бағдарлар желісі мен әуе кемелері паркінің кеңеюіне қарай одан әрі өсім күтіп отыр. 2023 жылдан 2025 жылдың аяғына дейін Airbus 320 және Boeing 787 тобындағы 29 ұшақты жеткізу көзделіп отыр.
Air Astana – Қазақстанның "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры (51%) мен Ұлыбританияның BAE Systems (49%) компаниясы арасындағы бірлескен кәсіпорын.