Түркиядан қазақстандық құтқарушылардың алғашқы тобы оралды

© Photo : ҚР Төтенше жағдай министрлігіТүркиядан қазақстандық құтқарушылардың бірінші тобы оралды
Түркиядан қазақстандық құтқарушылардың бірінші тобы оралды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 ақпан - Sputnik. Түркияның Газиантеп қаласында жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың алғашқы тобы елге оралды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Құтқарушылар мен апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мінген борт Алматы әуежайына қонды. Оларды туыстары, достары мен әріптестері күтіп алды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 7 ақпанда құтқарушылар, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері және кинологтар алғашқылардың бірі болып екі эшелонмен жолға шығып, ең күрделі қираған объектілерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кіріскен болатын. Қазақстандық құтқарушылар тобын төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев басқарды.
Түркияның үш өңірінде қазақстандық құтқарушылар 7 адамды құтқарды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды.
"Толығымен қираған ғимаратта қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудио байланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыстар жүргізді. Үлкен тереңдіктегі үйінділердің астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жол ашу жұмыстарын орындап, жедел және сауатты іс-қимылдың, сондай-ақ зардап шеккендерді блоктан шығару бойынша уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде мүмкіндік туды.Үйіндінің көбінесе тіреуішсіз болатынын және салдарынан қайтадан құлауы мүмкін екенін атап өту керек. Құтқарушылар үйіндінің астында адамды өз денесімен қалқалағанын да атап өткен жөн. Құтқарушылардың мұндай жұмысы өте қауіпті және жоғары кәсібилікті, қырағылық пен жеделдікті талап етеді", - делінген хабарламада.
Қазақстан ТЖМ апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері де тәулік бойы зардап шеккендерге білікті медициналық көмек көрсетті. 200-ге жуық жергілікті тұрғын мен құтқарушыларға, оның ішінде 30-ға жуық балаға жәрдемдесті. Пневмокаркас модуліне негізделген медициналық пост зардап шеккендердің туыстары үшін баспана болды. Әрі жылыту пункті ретінде де пайдаланылды.
Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстарына Астана және Алматы қалаларынан, Ақмола және Қарағанды облыстарынан құтқарушылар қатысты.
Жаңалықтар
0