ОСК бір мандатты округтер туралы: орта есеппен бір орынға 15 адам тіркелді

© Sputnik / Абзал КалиевЖурналисты работают в пресс-центре Центризбиркома
Журналисты работают в пресс-центре Центризбиркома  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 19 ақпан - Sputnik. ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров парламент мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды бір мандатты округтер бойынша тіркеу қорытындысы туралы айтты.
"Барлығы 29 бір мандатты округ бойынша 609 кандидат ұсынылды. Оның 84-і қоғамдық бірлестіктерден, саяси партиялардан, 525-і немесе 86,2%-ы кандидат ретінде өзін-өзі ұсынғандар. 18 ақпандағы нәтиже бойынша барлығы 29 мандатты сайлау округтерінде сайлау комиссиясы 435 кандидатты немесе бір мандатқа орта есеппен 15 кандидатты тіркеді", - деді Петров.

Мәжіліс сайлауы: өңірлер бойынша қорытынды

Ең үлкен бәсекелестік Астана қаласында - 1 және 2 округте 41, 42 42 кандидат. Алматыда 3, 4 және 5 округте 37, 33 және 34 кандидат ұсынылды. Үміткері ең аз облыс - Түркістан. 25 округте небәрі 5 үміткер ғана кандидат ретінде ұсынылды, деп қосты Петров.

Мәслихат сайлауы: бір мандатқа үш адам

Барлық деңгейдегі мәслихаттарға бір мандатты округтер бойынша 3 081 депутат сайлануға тиіс (барлығы - 3 415 мандат).
3 081 депутаттық орынға 10 288 кандидат, яғни бір орынға үш адам үміткер.
18 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де барлық өңірде парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Жаңалықтар
0