https://sputnik.kz/20230219/erigen-qar-suy-togan-arnasynan-tasygan-uzynagashta-ush-bala-qutqaryldy-32256114.html
Еріген қар суы тоған арнасынан тасыған: Ұзынағашта үш бала құтқарылды
Еріген қар суы тоған арнасынан тасыған: Ұзынағашта үш бала құтқарылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 19 ақпан - Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында үш бала құтқарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі. 19.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-19T19:30+0500
2023-02-19T19:30+0500
2023-02-19T19:30+0500
алматы облысы
https://sputnik.kz/img/509/68/5096810_0:113:1200:788_1920x0_80_0_0_bbd0fd19b473d8778a2e2d6016f3b042.jpg
АЛМАТЫ, 19 ақпан - Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында үш бала құтқарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.18 ақпанда сағат 18.15-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне көмек сұрап тұрғындар хабарласқан. Олардың айтуынша, "Аманат" мал базарының сырт жағында еріген қар суы тоған арнасынан тасып, кәмелетке толмаған үш бала елді мекеннен жырақта қалып қойған. "Оқиға орнына дереу төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барды. Еріген қар суы арнасынан көтеріліп кетіп, алаңда ойнап жүрген балалар үйіне қайта алмай қалған. Жамбыл ауданы ТЖБ қызметкерлері мен техникасының күшімен балалар қауіпсіз жерге эвакуацияланды", - деп хабарлады ведомство.Құтқарушылар ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/509/68/5096810_0:0:1200:900_1920x0_80_0_0_c9e27214b836b75f46272b2cd92d6c86.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы
Еріген қар суы тоған арнасынан тасыған: Ұзынағашта үш бала құтқарылды
АЛМАТЫ, 19 ақпан - Sputnik. Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында үш бала құтқарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
18 ақпанда сағат 18.15-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне көмек сұрап тұрғындар хабарласқан. Олардың айтуынша, "Аманат" мал базарының сырт жағында еріген қар суы тоған арнасынан тасып, кәмелетке толмаған үш бала елді мекеннен жырақта қалып қойған.
"Оқиға орнына дереу төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барды. Еріген қар суы арнасынан көтеріліп кетіп, алаңда ойнап жүрген балалар үйіне қайта алмай қалған. Жамбыл ауданы ТЖБ қызметкерлері мен техникасының күшімен балалар қауіпсіз жерге эвакуацияланды", - деп хабарлады ведомство.
Құтқарушылар ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.