Түркияда "Челсидің" экс-футболшысының денесі табылды

© Pixabay / Andy03Футбольный мяч
Футбольный мяч - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 18 ақпан - Sputnik. Түрік "Хатайспорының" ганалық футболшысы Кристиан Атсу Түркиядағы қираған үйдің астынан өлі табылды. Бұл туралы жартылай қорғаушының агенті Мұратузун Мехмет хабарлады.
"Кристиан Атсу табылды, өкінішке қарай қайтыс болды", - деп жазды ол Twitter-де.
31 жастағы Атсу өткен жылдан бері Хатайспорда болды. Ол сондай-ақ португалдық "Порту", "Рио Аве", ағылшындық "Челси", "Эвертон", "Борнмут", "Ньюкасл", голландиялық "Витесс", испандық "Малага" командаларында ойнады.
Гана құрамасы үшін 60 матч өткізіп, 2012-2022 жылдар аралығында 10 гол соқты.
Бұған дейін "Йени Малатьяспор" клубының қақпашысы Ахмет Эйюп Түркасланның қаза тапқаны айтылған болатын.
Жер сілкінісі 6 ақпанда Түркияның оңтүстік‑шығысында болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 39 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Түркия, Антакия - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2023
Түркияда құтқарушылар үйінді астынан табылған 2 млн долларды полицейлерге тапсырды
Жаңалықтар
0