https://sputnik.kz/20230218/mazhilis-saylauy-bas-prokuratura-zansyz-ugit-zhurgizu-faktilerin-anyqtady-32243343.html
Мәжіліс сайлауы: Бас прокуратура заңсыз үгіт жүргізу фактілерін анықтады
Мәжіліс сайлауы: Бас прокуратура заңсыз үгіт жүргізу фактілерін анықтады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Бас прокуратура парламент мәжілісі сайлауына қатысты бірқатар заңсыз үгіт-насихат жүргізу фактісін анықтады, деп мәлім етті ОСК... 18.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-18T14:38+0500
2023-02-18T14:38+0500
2023-02-18T14:54+0500
мәжіліс сайлауы
https://sputnik.kz/img/16/35/163571_0:61:1313:800_1920x0_80_0_0_dc124e9091071c073d0e9146bd5f4285.jpg
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Бас прокуратура парламент мәжілісі сайлауына қатысты бірқатар заңсыз үгіт-насихат жүргізу фактісін анықтады, деп мәлім етті ОСК отырысында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.Олардың сауалнама жүргізуге қатысты біреуі елордада тіркелді. Кінәлі адамға 7,5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.Сондай-ақ кандидаттарды және партиялық тізімдерді тіркеу аяқталғанға дейін үгіт жүргізуге салынған тыйымды бұзудың 5 фактісі анықталды.Біреуі бойынша Талдықорған қаласының тұрғыны "WhatsApp" мессенджерінде үгіт жүргізгені үшін сот қаулысымен айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Қалғандары бойынша кінәлілерді осы баппен жауапқа тарту шаралары қабылданып жатыр.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтарда парламент мәжілісін таратып, палата депутаттарының кезектен тыс сайлауын 19 наурызға белгіледі. Парламент сайлауымен қатар қазақстандықтар барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.Қазақстанда 18 ақпан күні сағат 18.00-де парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысуға кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталады. Содан кейін сайлау алды үгіт науқаны басталады, ол дауыс беру күніне бір күн қалғанда аяқталады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/16/35/163571_123:0:1190:800_1920x0_80_0_0_4f50c07f8a3d4e6fa8f6d44607eeca2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс сайлауы
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Бас прокуратура парламент мәжілісі сайлауына қатысты бірқатар заңсыз үгіт-насихат жүргізу фактісін анықтады, деп мәлім етті ОСК отырысында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.
"Бүгінгі таңда сайлау бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізудің, сондай-ақ сайлау алдындағы үгітті жүргізудің белгіленген тәртібі мен шарттарын сақтамаумен ұштасқан бірқатар заң бұзушылық анықталды", - деді Өмірәлиев.
Олардың сауалнама жүргізуге қатысты біреуі елордада тіркелді. Кінәлі адамға 7,5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сондай-ақ кандидаттарды және партиялық тізімдерді тіркеу аяқталғанға дейін үгіт жүргізуге салынған тыйымды бұзудың 5 фактісі анықталды.
Біреуі бойынша Талдықорған қаласының тұрғыны "WhatsApp" мессенджерінде үгіт жүргізгені үшін сот қаулысымен айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Қалғандары бойынша кінәлілерді осы баппен жауапқа тарту шаралары қабылданып жатыр.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтарда парламент мәжілісін таратып, палата депутаттарының кезектен тыс сайлауын 19 наурызға белгіледі. Парламент сайлауымен қатар қазақстандықтар барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.
Қазақстанда 18 ақпан күні сағат 18.00-де парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысуға кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталады. Содан кейін сайлау алды үгіт науқаны басталады, ол дауыс беру күніне бір күн қалғанда аяқталады.