https://sputnik.kz/20230218/aqtobede-8-adamnyn-olimine-sebepker-bolgan-zeynetkerdin-soty-bolady-32246271.html
Ақтөбеде 8 адамның өліміне себепкер болған зейнеткердің соты болады
Ақтөбеде 8 адамның өліміне себепкер болған зейнеткердің соты болады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатына себеп болған зейнеткерге қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлады "Мой город" порталы. 18.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-18T19:22+0500
2023-02-18T19:22+0500
2023-08-10T11:59+0500
жол апаты
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатына себеп болған зейнеткерге қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлады "Мой город" порталы.Тергеу Қылмыстық кодекстің "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу" бабы бойынша жүргізілді.Қайғылы оқиға былтыр 22 қарашада Ақтөбе - Астрахань тас жолында болған.ВАЗ-2114 жүргізушісі 43 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Lada Largus-пен соқтығысқан. Салдарынан LADA қарсы бағытта келе жатқан Kia Sorrento-ға соғылады.Жол апаты салдарынан Lada жүргізушісі мен алты жолаушы сол жерде қаза тапты, Kia көлігіндегі төрт адам әртүрлі дене жарақатын алды. Ауыр жараланған 63 жастағы ер адам ауруханада қайтыс болды. Ол экология департаментінде жүргізуші болып жұмыс істеген. 22 қарашада таңертең үш қызметкермен Темір ауданына іссапарға шыққан.Бірінші көлікте қаза тапқандар Темір ауданы Сарыкөл және Кеңқияқ ауылдарының такси жүргізушісі және жолаушылары. Қайтыс болғандардың арасында ерлі-зайыпты бар. Олардың артында үш баласы қалды, олардың біреуі мүгедек."Lada Largus-қа жол бермеген жүргізуші негізгі жолда келе жатқан көлікті байқамаған. Ол зейнеткер, бұл жастағы адамның реакциясы жылдам болмайды. Жасы үлкен адамдар рөлге отырмағаны жөн", - дейді Ақтөбе облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы Еркін Өтеген.23 ақпанда Мұғалжар ауданында осы іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты
АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатына себеп болған зейнеткерге қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлады "
Мой город" порталы.
Тергеу Қылмыстық кодекстің "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу" бабы бойынша жүргізілді.
Қайғылы оқиға былтыр 22 қарашада Ақтөбе - Астрахань тас жолында болған.
ВАЗ-2114 жүргізушісі 43 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Lada Largus-пен соқтығысқан. Салдарынан LADA қарсы бағытта келе жатқан Kia Sorrento-ға соғылады.
Жол апаты салдарынан Lada жүргізушісі мен алты жолаушы сол жерде қаза тапты, Kia көлігіндегі төрт адам әртүрлі дене жарақатын алды. Ауыр жараланған 63 жастағы ер адам ауруханада қайтыс болды. Ол экология департаментінде жүргізуші болып жұмыс істеген. 22 қарашада таңертең үш қызметкермен Темір ауданына іссапарға шыққан.
Бірінші көлікте қаза тапқандар Темір ауданы Сарыкөл және Кеңқияқ ауылдарының такси жүргізушісі және жолаушылары. Қайтыс болғандардың арасында ерлі-зайыпты бар. Олардың артында үш баласы қалды, олардың біреуі мүгедек.
"Lada Largus-қа жол бермеген жүргізуші негізгі жолда келе жатқан көлікті байқамаған. Ол зейнеткер, бұл жастағы адамның реакциясы жылдам болмайды. Жасы үлкен адамдар рөлге отырмағаны жөн", - дейді Ақтөбе облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы Еркін Өтеген.
23 ақпанда Мұғалжар ауданында осы іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді.