https://sputnik.kz/20230217/zhazda-qanday-akhual-qalyptasuy-mumkin-32268938.html
Жазда қандай ахуал қалыптасуы мүмкін
Жазда қандай ахуал қалыптасуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов телемарафон эвирінде қазіргі қақтығыс Ресейдің құлдырауына әкелетіні туралы... 17.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-17T18:12+0500
2023-02-17T18:12+0500
2023-02-20T17:12+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/13/29481143_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_af446f375f245b3052f0a3860647dbda.jpg
Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов телемарафон эвирінде қазіргі қақтығыс Ресейдің құлдырауына әкелетіні туралы мәлімдеді, деп жазды РИА Новости."Ресей Федерациясы дәл қазіргі күйінен ыдыратылады. Әйтпесе бұл мемлеке біздің ел үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін қауіп төндіріп тұр", - деді ол.Оның айтуынша, әскери іс-қимылдар барысында бірнеше айдан кейін өзгерістер күтуге болады."Жазда майданда да, басқа учаскелерде де мүлде өзгеше ахуал қалыптасатынына сенімдімін... Соғыстан кейін кімнің жері қайсысы болатынын әлі көреміз", - деді Данилов.Даниловтың жаз мезгілін атап көрсетуіне қазір АҚШ пен бүкіл Еуропада даярлықтан өтіп жатқан өз әскерилерін дәл осы уақытта оралады деп күтілуі себеп болып отыр. Америкалықтар Patriot операторларын, немістер мен поляктар Леопрад экипаждарын, ағылшындар Киевке әлі жеткізілмеген жойғыш ұшақтардың ұшқыштары мен артиллеристерді, бельгиялықтар суасты дрондарының мамандарын даярлап жатыр. Бұдан бөлек Париж бен Берлин белгіленген мерзімге дейін жалпы саны жеті мың украин әскериін даярлауға уәде етті.Танктердің жеткізілімі де кешігіп жатқан секілді. Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус Leopard 2 танктерінің екі батальонының орнына Киевке бір жарым батальон жеткізілетінін мәлімдеді. Бастапқыда неміс стандарты бойынша есептеу ұйғарылған. Мұнда екі батальон 90 машинаны қамтиды. Бірақ кейіннен Берлиндегілер украин батальоны туралы екенін нақтылады. Осылайша Украина Қарулы күштеріне 90 емес, 47 танк жіберілетін болды. Сонымен қатар ескірген 120 дана Leopard 1 танктері жылдың соңына қарай жеткізіледі."Өткен аптада The Washington Post басылымында қақтығыста Украина үшін шешуші сәт жақындап қалғаны туралы Вашингтон Киевті ескерткері туралы мақала жарияланды. Басылымның Ақ үйдегі ақпарат көзі америкалық билік Киевке қолдау көрсетуді жалғастыратынын, бірақ, "қанша қажет болса, соншалықты көлемде" деген сөз тіркесі қолдау көлеміне емес, қақтығыстың ұзақтығына байланысты екенін нақтылады.Басылым қаңтарда Киевке келген америкалық шенеуніктердің, Мемлекеттік хатшының орынбасары Венди Шерман мен Пентагон басшысының орынбасары Колин Колдың дәл осы идеяны Украина басшылығына жеткізуі керек екенін атап өтті.Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллестің НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуінен кейінгі мәлімдемесін де дәл осылай қабылдауға болады. Оның айтуынша, Украина Қарулы күштері оқ-дәрілерді тым көп шығындап отыр және олар өз әрекетін байыппен орындайтын уақыт келді. Бұл түсінікті: альянс қоймаларындағы қорлар резеңке емес. Уоллес қазір Ұлыбританияда жаттығып жатқан украин зеңбірекшілері "үнемдеп соғысуды" үйреніп жатқанын айтты.Киевтің халықты майданға жаппай мобилизациялау бойынша дөрекі әрекеттері, "стратегиялық маңызы жоқ" деген Артемовск үшін күн сайын еселеніп жатқан адам мен қару-жарақ шығыны туралы ақпарат кең тараған шақта Украина билігі қарсыластың ойсырай жеңілетіні туралы жи мәлімдеме жасауға мәжбүр."Даниловтыкіндей пікірлер келіссөз жүргізуге кедергі болып отыр. Ал Киев үшін келіссөз болмауы тиімді. Себебі қақтығыс созылған сайын Зеленский режимі де құлдырамайды", деп жазды мақала авторы. Оныңпікірінше, жоғарыда айтылғанға қарамастан, қарсыласты жете бағаламауға болмайды. Украин армиясы ақтығыс уақытында кемінде 700 мың адамға жетті. Ал серіктестер қару-жарақ пен техника жеткізілімдерін әлі де жалғастырып жатыр.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/13/29481143_149:0:2880:2048_1920x0_80_0_0_0955f42ab641d029e97a57cc4a675525.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов телемарафон эвирінде қазіргі қақтығыс Ресейдің құлдырауына әкелетіні туралы мәлімдеді, деп жазды
РИА Новости."Ресей Федерациясы дәл қазіргі күйінен ыдыратылады. Әйтпесе бұл мемлеке біздің ел үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін қауіп төндіріп тұр", - деді ол.
Оның айтуынша, әскери іс-қимылдар барысында бірнеше айдан кейін өзгерістер күтуге болады.
"Жазда майданда да, басқа учаскелерде де мүлде өзгеше ахуал қалыптасатынына сенімдімін... Соғыстан кейін кімнің жері қайсысы болатынын әлі көреміз", - деді Данилов.
Даниловтың жаз мезгілін атап көрсетуіне қазір АҚШ пен бүкіл Еуропада даярлықтан өтіп жатқан өз әскерилерін дәл осы уақытта оралады деп күтілуі себеп болып отыр. Америкалықтар Patriot операторларын, немістер мен поляктар Леопрад экипаждарын, ағылшындар Киевке әлі жеткізілмеген жойғыш ұшақтардың ұшқыштары мен артиллеристерді, бельгиялықтар суасты дрондарының мамандарын даярлап жатыр. Бұдан бөлек Париж бен Берлин белгіленген мерзімге дейін жалпы саны жеті мың украин әскериін даярлауға уәде етті.
Танктердің жеткізілімі де кешігіп жатқан секілді. Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус Leopard 2 танктерінің екі батальонының орнына Киевке бір жарым батальон жеткізілетінін мәлімдеді. Бастапқыда неміс стандарты бойынша есептеу ұйғарылған. Мұнда екі батальон 90 машинаны қамтиды. Бірақ кейіннен Берлиндегілер украин батальоны туралы екенін нақтылады. Осылайша Украина Қарулы күштеріне 90 емес, 47 танк жіберілетін болды. Сонымен қатар ескірген 120 дана Leopard 1 танктері жылдың соңына қарай жеткізіледі.
"Өткен аптада The Washington Post басылымында қақтығыста Украина үшін шешуші сәт жақындап қалғаны туралы Вашингтон Киевті ескерткері туралы мақала жарияланды. Басылымның Ақ үйдегі ақпарат көзі америкалық билік Киевке қолдау көрсетуді жалғастыратынын, бірақ, "қанша қажет болса, соншалықты көлемде" деген сөз тіркесі қолдау көлеміне емес, қақтығыстың ұзақтығына байланысты екенін нақтылады.
Басылым қаңтарда Киевке келген америкалық шенеуніктердің, Мемлекеттік хатшының орынбасары Венди Шерман мен Пентагон басшысының орынбасары Колин Колдың дәл осы идеяны Украина басшылығына жеткізуі керек екенін атап өтті.
Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллестің НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуінен кейінгі мәлімдемесін де дәл осылай қабылдауға болады. Оның айтуынша, Украина Қарулы күштері оқ-дәрілерді тым көп шығындап отыр және олар өз әрекетін байыппен орындайтын уақыт келді. Бұл түсінікті: альянс қоймаларындағы қорлар резеңке емес. Уоллес қазір Ұлыбританияда жаттығып жатқан украин зеңбірекшілері "үнемдеп соғысуды" үйреніп жатқанын айтты.
Киевтің халықты майданға жаппай мобилизациялау бойынша дөрекі әрекеттері, "стратегиялық маңызы жоқ" деген Артемовск үшін күн сайын еселеніп жатқан адам мен қару-жарақ шығыны туралы ақпарат кең тараған шақта Украина билігі қарсыластың ойсырай жеңілетіні туралы жи мәлімдеме жасауға мәжбүр.
"Даниловтыкіндей пікірлер келіссөз жүргізуге кедергі болып отыр. Ал Киев үшін келіссөз болмауы тиімді. Себебі қақтығыс созылған сайын Зеленский режимі де құлдырамайды", деп жазды мақала авторы.
Оныңпікірінше, жоғарыда айтылғанға қарамастан, қарсыласты жете бағаламауға болмайды. Украин армиясы ақтығыс уақытында кемінде 700 мың адамға жетті. Ал серіктестер қару-жарақ пен техника жеткізілімдерін әлі де жалғастырып жатыр.