https://sputnik.kz/20230217/bqo-da-zhattyqtyrushy-balalarga-qol-kotergen-sat-videoga-tusip-qaldy---oqiganyn-man-zhayy-32211578.html
БҚО-да жаттықтырушы балаларға қол көтерген сәт видеоға түсіп қалды - оқиғаның мән-жайы
БҚО-да жаттықтырушы балаларға қол көтерген сәт видеоға түсіп қалды - оқиғаның мән-жайы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 ақпан - Sputnik. Батыс Қазақстан облысында ата-аналар балалар спорт мектебінің самбодан жаттықтырушысына шағымданып отыр. 17.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-17T07:49+0500
2023-02-17T07:49+0500
2023-08-09T09:47+0500
өңірлер
ата-ана
бала
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/113/00/1130089_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_11821a41749fc2ba5b8861a1f3236872.jpg
АСТАНА, 17 ақпан - Sputnik. Батыс Қазақстан облысында ата-аналар балалар спорт мектебінің самбодан жаттықтырушысына шағымданып отыр.Ол жасөспірімдердің алдымен кеуде тұсынан, сосын басынан бірнеше рет ұрған. Бұл жаттығу залында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы."Бапкердің балаларды ұрып-соғуға құқығы жоқ еді. Ешкім баласын мұғалім мазақ ететін спортқа жібермейді. Сондықтан ата-аналар барып, полицияға арыз жаздық. Бапкер бізден кешірім сұрады. Ал біз оны кешірдік, өйткені оның отбасы, балалары бар", - дейді бапкер қол көтерген баланың анасы Сәуле Уәлиахметова.Жаттықтырушы балалар оны басқа бапкерге ауыстырғанына ренжіген. Полиция әкімшілік хаттама толтырды."БҚО туризм және спорт басқармасына аталған жаттықтырушының тәртібін қарап, тәртіптік жаза қолдану жөнінде шара қолдану туралы ұсыныс жолданды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Дене шынықтыру және спорт бөлімі де оқиғаға бей-жай қарамай, тергеу жүргізбек."Видеоға түсіп қалған жаттықтырушыға қатысты тексеру жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша жұмыстан шығаруға дейінгі нақты шаралар қабылданады", - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Нығметуллин.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/113/00/1130089_258:0:979:541_1920x0_80_0_0_92b308d90501192a19244e40b4ff80ab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ата-ана, бала, батыс қазақстан облысы
ата-ана, бала, батыс қазақстан облысы
БҚО-да жаттықтырушы балаларға қол көтерген сәт видеоға түсіп қалды - оқиғаның мән-жайы
07:49 17.02.2023 (жаңартылды: 09:47 09.08.2023) АСТАНА, 17 ақпан - Sputnik. Батыс Қазақстан облысында ата-аналар балалар спорт мектебінің самбодан жаттықтырушысына шағымданып отыр.
Ол жасөспірімдердің алдымен кеуде тұсынан, сосын басынан бірнеше рет ұрған. Бұл жаттығу залында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды "
Астана" телеарнасы.
"Бапкердің балаларды ұрып-соғуға құқығы жоқ еді. Ешкім баласын мұғалім мазақ ететін спортқа жібермейді. Сондықтан ата-аналар барып, полицияға арыз жаздық. Бапкер бізден кешірім сұрады. Ал біз оны кешірдік, өйткені оның отбасы, балалары бар", - дейді бапкер қол көтерген баланың анасы Сәуле Уәлиахметова.
Жаттықтырушы балалар оны басқа бапкерге ауыстырғанына ренжіген. Полиция әкімшілік хаттама толтырды.
"БҚО туризм және спорт басқармасына аталған жаттықтырушының тәртібін қарап, тәртіптік жаза қолдану жөнінде шара қолдану туралы ұсыныс жолданды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Дене шынықтыру және спорт бөлімі де оқиғаға бей-жай қарамай, тергеу жүргізбек.
"Видеоға түсіп қалған жаттықтырушыға қатысты тексеру жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша жұмыстан шығаруға дейінгі нақты шаралар қабылданады", - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Нығметуллин.