Алматылық полицейлер зейнеткерді өлім аузынан алып қалды

© Sputnik / Абзал КалиевПолицей формасы
Полицей формасы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Алматыда екі полицей өз-өзіне қол салмақшы болған зейнеткерді ілмектен шығарып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
65 жастағы ер адам мас күйінде суицид жасамақ болған. Бірақ алдымен туыстарымен, достарымен телефон арқылы қоштасқан. Сол кезде досы бірінші болып дабыл қағып, полицияға хабар берген. Медеу аудандық полиция бөлімінің екі инспекторы уақытында барып үлгерді. Бірақ есік жабық тұрған. Оны сындырап кіруге тура келді.
"Біреуміз оны көтеріп, біреуіміз мойнынан ілмекті шығарып алдық. Қырылдаған дауыс естілді. Есінен танып қалды. Біз бірден алғашқы көмек көрсетіп, таза ауаға шығардық. Содан жедел жәрдем шақырдық. Оны бірден ауруханаға алып кетті", - дейді полицейлер.
Өз-өзіне қол салған ер адам есін жиғасын орны толмас қателік жасап қоя жаздағанын түсінді. Зейнеткер полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, кешірім сұрады.
Балконы многоэтажного дома, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2022
Елордада полицейлер ғимараттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды
Жаңалықтар
0