Алматыда Абай даңғылы қала шекарасына дейін жететін болады

© Sputnik / Ертай Сарбасов Алматы көшесі
Алматы көшесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 ақпан - Sputnik. Алматының басты көшелерінің бірі – Абай даңғылы қала шекарасына дейін жететін болады. Бұл туралы елорда әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуінде айтты.
Әкімнің айтуынша, Наурызбай ауданының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі өзекті болып қалып отыр.
Биыл "Ақжар" және "Шұғыла" шағын аудандарындағы 20 көше бойына 16,4 шақырым жол салынып, 21 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
"Жыл соңына дейін Абай даңғылын қала шекарасына дейін жеткізу жоспарда бар. Қазір жер телімдерін алу және сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ осы айда Жұбанов көшесін созу жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шығарылды. Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейінгі жеткізу жоспарланып отыр", - деді қала әкімі.
Әкімдіктің мәліметінше, былтыр "Ақжар" шағын ауданында 10 шақырым жол және "Ақжар", "Қарағайлы", "Шұғыла" шағынаудандарындағы 12 көшеде 8 шақырым жаяу жүргінші жолы салынып, 23 шақырым жол жөнделген.
Алматыдағы қоғамдық әжетханалар - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2023
Өңірлер
Алматыда 160 миллионға орнатылған қоғамдық әжетханалар әлі жұмыс істемей тұр
Жаңалықтар
0