Алматы облысында аққан ауруына шалдыққан жасөспірім көмекке мұқтаж

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында аққан ауруына шалдыққан жасөспірімге көмек қажет
Алматы облысында аққан ауруына шалдыққан жасөспірімге көмек қажет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Алматы облысының Талғар ауданындағы Дәулет ауылында тұратын Асқар Сыдықов Sputnik Қазақстан тілшісіне хабарласып, көмек сұрады.
Асқар Сыдықовтың ұлы Бекмұрат Ырыскелді 2005 жылы дүниеге келген. Төрт жасында "жедел лимфобластикалық лейкоз" дертіне шалдығып, бүлдіршін бес жыл бойы аурухана төсегіне таңылған. Химиядан көз ашпаған Бекмұрат 7 жасқа келгенде анасынан айрылады. Әкесі, кішкентай інісі мен Бекмұрат Алматының маңында жалдамаған пәтері қалмайды. Асқар Сыдықовтың өзі үшінші топтағы мүгедек.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында аққан ауруына шалдыққан жасөспірімге көмек қажет
Алматы облысында аққан ауруына шалдыққан жасөспірімге көмек қажет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2023
Алматы облысында аққан ауруына шалдыққан жасөспірімге көмек қажет
"Балам Бекмұрат 16 жасқа дейін жылына екі рет стационарлық ем алып келді. Соңғы екі жылда ауруханаға тұрақты түрде жатқызылмады. Талғар аудандық ауруханасын шулатып жүріп әрең дегенде бір рет жатып ем алдық", - дейді әкесі Асқар Сыдықов.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАсқар Сыдықовтың өзі үшінші топтағы мүгедек
Асқар Сыдықовтың өзі үшінші топтағы мүгедек - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2023
Асқар Сыдықовтың өзі үшінші топтағы мүгедек
Арасында бір реттік күндізгі стационарға ғана ем алуға рұқсат берілген. Бірақ Талғардан Алматының ортасына күнде қатынау мүмкін болмай, бала тиісті емін ала алмаған.
"Кез келген нәрседен қорқамын. Балам жатып қалса да қорқамын. Әлсіреп көп жатады. Бір күн сергек жүрсе үш күн төсектен басын көтермейді. Күнге шықса денесі қызарып кетеді. Көлеңкеге тығылады", - дейді әкесі.
Сыдықовтар отбасы Дәулет ауылының ауруханасына жақында ғана тіркелген. Ауыл дәрігерлері жаңа келген емделушінің денсаулығын бұдан былай жіті назарда ұстаймыз дейді.
Ал Талғар аудандық ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, жасөспірімнің ауруы асқынып тұрған жоқ. Ремиссия, демек лейкоз ұйқыда жатыр, дейді олар.
"Бекмұрат Асқарұлының қан сараптамаларының барлығы қалыпты. Бірақ бұл диагнозбен Бекмұрат әлі де есепте тұрады, шығарылмайды. Жылына екі рет ауруханаға жату керек, бірақ бұл кісіге ол қарастырылмаған. Ремиссия болғандықтан үш айда бір рет жергілікті дәрігерге қаралып тұру керек", - дейді Талғар аудандық орталық ауруханасының меңгерушісі Күнсұлу Қожағұлова.
Жасөспірім үш ай сайын қан сараптамасын тапсырып тұрады. Бекмұраттың тұрмыс жағдайы да мәз емес. Материалдық жағдайына қарамастан жасөспірім колледждің үздік студенттерінің бірі. Ол шаштараз мамандығына оқып жүр. Алайда Бекмұрат колледждің тегін жатақханасынан шығып кеткен. Өйткені тамаққа ақшасы болмаған.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында аққан ауруына шалдыққан жасөспірімге көмек қажет
Алматы облысында аққан ауруына шалдыққан жасөспірімге көмек қажет - Sputnik Қазақстан
1/7
Алматы облысында аққан ауруына шалдыққан жасөспірімге көмек қажет
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында аққан ауруына шалдыққан жасөспірімге көмек қажет
Алматы облысында аққан ауруына шалдыққан жасөспірімге көмек қажет - Sputnik Қазақстан
2/7

3/7

4/7

5/7

6/7

7/7

Ал колледж жатақханасында студенттер бір реттік ас мәзіріне тегін тамақтанады, қалған уақытта қалтасынан төлейді. Салдарынан Бекмұрат оқуына үйден қатынайды. Күніне алты сағат жолға жұмсайды. Sputnik Қазақстан оқу орнына хабарласып, студенттің тамақтану мәселесін шешуге мұрындық болды.
"Бекмұрат Ырыскелді жатақханадан шығып кетті. Ешбір материалдық жағдайы туралы айтқан емес. Қайтып келсе жатақханаға қабылдаймыз. Жатақханада бір реттік ас мәзірі тегін, қалған уақытта студенттер 15 мыңнан өздері жиналып, тамаққа төлейді. Ал Бекмұрат бұдан былай тегін тамақтанады. Біз материалдық жағдайы төмен студенттерге үнемі көмектесеміз. Бекмұратқа да барынша көмек береміз", - деді Алматы облыстық қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технология колледжі директорының орынбасары Гүлнәр Жұмашова.
Колледж мамандары отбасыға гуманитарлық көмек жеткізіп беретінін де айтты.
Жаңалықтар
0