https://sputnik.kz/20230217/alakoldegi-akimnin-rezidentsiyasy-balalarga-berildi-32226465.html
Алакөлдегі әкімнің резиденциясы балаларға берілді
Алакөлдегі әкімнің резиденциясы балаларға берілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Жетісу облысында Алакөлдің жағасында орналасқан әкімнің резиденциясы балаларды оңалту орталығына берілді, деп хабарлайды Sputnik... 17.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-17T15:04+0500
2023-02-17T15:04+0500
2023-02-17T15:04+0500
алакөл
балалар
https://sputnik.kz/img/07e6/03/18/23696908_0:87:1281:807_1920x0_80_0_0_5bc60ef90f1b2be1dfc568cedeb316f8.jpg
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Жетісу облысында Алакөлдің жағасында орналасқан әкімнің резиденциясы балаларды оңалту орталығына берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыс әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, бұрын ол жерде аудан әкімінің резиденциясы орналасқан. Өңір басшысы Бейбіт Исабаев тиісті шешімді бекітті.Аудан әкімінің резиденциясы Ақши ауылында орналасқан. Коттеджге алдымен жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Одан кейін балалар орталығына беріледі. Аудан әкімі оны алдағы шомылу мауысымына дейін тапсыруға міндеттелді.Айта кетері, "Жансая" балалар орталығы бір уақытта ерекше қажеттіліктері бар 50 баланы қыбылдай алады. Оған бару үшін жолдама алу керек. Оны дәрігерлік комиссия береді.Орталықта Монтессори, физиотерапия, емдеу дене шынықтыру, массаж және сенсорлық кабинеттер, сондай-ақ тұзды шахта бар. Психолог, логопед, дефектолог және тағы басқа мамандар жұмыс істейді.
алакөл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/18/23696908_43:0:1180:853_1920x0_80_0_0_a346976c6cb3bc06b0c950969bb19d9e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алакөл, балалар
Алакөлдегі әкімнің резиденциясы балаларға берілді
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Жетісу облысында Алакөлдің жағасында орналасқан әкімнің резиденциясы балаларды оңалту орталығына берілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Облыс әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, бұрын ол жерде аудан әкімінің резиденциясы орналасқан. Өңір басшысы Бейбіт Исабаев тиісті шешімді бекітті.
"Жансая" балалар орталығында медициналық қызметтер тегін ұсынылады. Ол жерде сан алуан түзету-оңалту жаттығулары жасалады. Балалар сурет салады, емдеуге арналған дене шынықтырумен айналысады. Егер балалар шалғай жатқан ауылдардан келсе, орталықта қонып қалуға болады. Енді балалар Алакөлдің жағасында қалып, өз денсаулығын жақсарта алады.
Аудан әкімінің резиденциясы Ақши ауылында орналасқан. Коттеджге алдымен жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Одан кейін балалар орталығына беріледі. Аудан әкімі оны алдағы шомылу мауысымына дейін тапсыруға міндеттелді.
Айта кетері, "Жансая" балалар орталығы бір уақытта ерекше қажеттіліктері бар 50 баланы қыбылдай алады. Оған бару үшін жолдама алу керек. Оны дәрігерлік комиссия береді.
Орталықта Монтессори, физиотерапия, емдеу дене шынықтыру, массаж және сенсорлық кабинеттер, сондай-ақ тұзды шахта бар. Психолог, логопед, дефектолог және тағы басқа мамандар жұмыс істейді.