Әлем

Түркияда зілзаладан аман қалған қыз үйінді астынан 11 күннен кейін шығарылды

© AP Photo Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Түркияның Хатай провинциясында 17 жастағы қыз он бір күннен кейін үйінді астынан аман табылды.
Құтқарушылар Алейна Олмезді үйінді астынан 248 сағат өткен соң шығарған.
Кахраманмараш тұрғыны аман, дәрігерлер оған алғашқы көмек көрсетті. Содан кейін қыз ауруханаға жеткізілді, деп жазды жергілікті басылымдар.
Түркияның оңтүстік-шығысында болған зілзаладан зардап шеккендерді іздеу-құтқару жұмыстары осымен он бірінші күн жалғасып жатыр.
Жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 36 мыңнан асып кетті.
Табиғи апатқа байланысты Қазақстан үкіметі Түркияға гуманитарлық көмек жөнелтті. Сондай-ақ қазақстандықтардың өздері де ақша жинап, көмек жіберіп жатыр.
Жаңалықтар
0