Өңірлер

СҚО әкімі күніне қалай 90 мың теңге табуға болатынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров өңірде жұмысшы мамандар тапшы екенін айтты.
Әкімдіктің аппарат жиналысында халықтың табысын арттыру мәселесі қозғалды.
Облыс басшысы өңірдегі зауыттарда қандай жұмысшы мамандықтар тапшы екенін зерделеген. Айтуынша, қазір дәнекерлеуші мен токарь тапшылығы өте қатты сезіледі. Сондай-ақ кірпіш қалаушылар да жетіспейді, деп хабарлайды Петропавловск.news.
"Бізде құрылыста кірпіш қалаушылар жетпейді. Бұл жұмысты 2 ай ішінде үйреніп алуға болады. 1 шаршы метр кірпіш қалау 18 мың теңге тұрады. Адам бір күнде 5 шаршы метр қалап, 90 мың теңге таба алады. Ал бізде адам тапшы. Бұл туралы жұртты құлағдар ету керек", - дейді Сапаров.
Әкім тапшы мамандықтарды оқыту бойынша қысқа мерзімді курстар ұйымдастыруды және бірінші жартыжылдықта жұмысшы тапшылығын шешуді тапсырды.
Сондай-ақ Сапаров тұрғындар арасында сапалы ақпараттық жұмыс жүргізу туралы тапсырма берді. Оның айтуынша, өңір халқы қандай мамандықтар сұранысқа ие және жалақысы жоғары екенін білуге тиіс.
Басылым ақпаратынша, биыл облыста 24 мың адамды еңбекпен қамту жоспарланып отыр. 10 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
Айта кетері, қазіргі таңда СҚО-да халықтың 6%-ке жуығы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз табыс табады. Әсіресе, ауылда жұмыссыздық деңгейі жоғары. Жұмыссыз жүргендердің көбі Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов атындағы, Есіл және Аққайың аудандарында тіркелген.
Жаңалықтар
0