https://sputnik.kz/20230216/qazaqstanda-zhyldyq-inflyatsiya-tagy-osti-32202615.html
Қазақстанда жылдық инфляция тағы өсті
Қазақстанда жылдық инфляция тағы өсті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Биыл қаңтар айында Қазақстанда жылдық инфляция 20,7%-ке дейін (желтоқсанда – 20,3%) жеделдеді, деп хабарлайды Ұлттық банк. 16.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-16T17:11+0500
2023-02-16T17:11+0500
2023-02-16T17:13+0500
экономика
инфляция
https://sputnik.kz/img/706/80/7068021_0:0:3667:2063_1920x0_80_0_0_a7b4b566b1cc737a16ce30c8ffc5d9fc.jpg
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Биыл қаңтар айында Қазақстанда жылдық инфляция 20,7%-ке дейін (желтоқсанда – 20,3%) жеделдеді, деп хабарлайды Ұлттық банк.Инфляция 19 өңірде жеделдеп, тек бір өңірде – Қарағанды облысында ғана баяулаған. Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында, Маңғыстау мен Ақмола облыстарында тіркелді.Қаңтарда азық-түлік бағасы жылдық мәнде 25,7%-ке (желтоқсанда – 25,3%) өскен. Тауарлар, әсіресе Маңғыстау облысында (31,5%) қатты қымбаттады. Ең төмен көрсеткіш – Алматы облысында (23,8%).Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы 20,2%-ке дейін (желтоқсанда – 19,4%) жетті. Ең жоғарғы мән Астанада (31,7%), төмен мән Алматы облысында (15,9%) тіркелді.Сондай-ақ өткен айда ақылы қызметтер бағасы 14,2%-ке көтерілді. Бұл ретте Ақмола облысында (18,4%) баға жалпы республикалық деңгейден жоғары, Алматы облысында (11,4%) біршама төмен болды."2023 жылғы қаңтарда елде айлық инфляция баяулады, өсімі 1,1%-ті құрады. Бұл соңғы бес жылда қаңтар айындағы инфляцияның орташа мәнінен айтарлықтай жоғары", - дейді Ұлттық банктегілер.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/706/80/7068021_0:0:3105:2329_1920x0_80_0_0_c899badfe00d0d596b96e822c3250a20.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инфляция
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Биыл қаңтар айында Қазақстанда жылдық инфляция 20,7%-ке дейін (желтоқсанда – 20,3%) жеделдеді, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Инфляция 19 өңірде жеделдеп, тек бір өңірде – Қарағанды облысында ғана баяулаған. Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында, Маңғыстау мен Ақмола облыстарында тіркелді.
Қаңтарда азық-түлік бағасы жылдық мәнде 25,7%-ке (желтоқсанда – 25,3%) өскен. Тауарлар, әсіресе Маңғыстау облысында (31,5%) қатты қымбаттады. Ең төмен көрсеткіш – Алматы облысында (23,8%).
Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы 20,2%-ке дейін (желтоқсанда – 19,4%) жетті. Ең жоғарғы мән Астанада (31,7%), төмен мән Алматы облысында (15,9%) тіркелді.
Сондай-ақ өткен айда ақылы қызметтер бағасы 14,2%-ке көтерілді. Бұл ретте Ақмола облысында (18,4%) баға жалпы республикалық деңгейден жоғары, Алматы облысында (11,4%) біршама төмен болды.
"2023 жылғы қаңтарда елде айлық инфляция баяулады, өсімі 1,1%-ті құрады. Бұл соңғы бес жылда қаңтар айындағы инфляцияның орташа мәнінен айтарлықтай жоғары", - дейді Ұлттық банктегілер.