https://sputnik.kz/20230216/nemerem-mugedek-bolyp-qaldy-almaty-turgyny-adildik-izdep-zhur-32197794.html
"Немерем мүгедек болып қалды": Алматы тұрғыны әділдік іздеп жүр
"Немерем мүгедек болып қалды": Алматы тұрғыны әділдік іздеп жүр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 ақпан – Sputnik. Алматы тұрғыны Эльвинаның бір қолының шынтақ тұсынан ампутация жасалған. Екі жарым жасар бүлдіршіннің әжесі Зухра Мұсаева... 16.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-16T16:09+0500
2023-02-16T16:09+0500
2023-08-10T12:26+0500
мүгедек
алматы
дәрігер
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_0:28:3072:1756_1920x0_80_0_0_5009e88dc3f978931e6db147cc3ec44b.jpg
АЛМАТЫ, 16 ақпан – Sputnik. Алматы тұрғыны Эльвинаның бір қолының шынтақ тұсынан ампутация жасалған. Екі жарым жасар бүлдіршіннің әжесі Зухра Мұсаева "дәрігерлердің қателігінен жиенім қолынан айырылды" деп Sputnik Қазақстаннан көмек сұрады.Эльвина 2020 жылы 6 қыркүйекте Талғар қаласының перзентханасында дүниеге келген. Нәрестенің салмағы небәрі 1 кг 540 г болған. Шала туғандықтан нәресте 16 қыркүйекте Өтеген батыр ауылындағы балалар ауруханасының неонатология бөлімшесіне ауыстырылады."24 қыркүйек күні сағат 11:30-12 шамасында медбике Шынар Рахымбаева баланы катетеризация жасауға алып кеткен. Кейін менің қызым баланың оң қолының аппақ болып, жансызданып қалғанын көреді. Неге бұлай деп сұраса, медбике Рахымбаева "кешке дейін жақсарып кетеді" деп жауап берген. Қанша уақыт өтсе де ешбір дәрігер қызым мен жиенімнің жағдайын сұрамаған. Ал нәресте ауыз жаппай жылаумен болған", - дейді Зухра Мұсаева.Зухраның айтуынша, нәрестенің анасы медбикеден бірнеше рет өтінгенімен, дәрігерді шақырмаған. Амалы құрыған әже медбикеге өзі қоңырау шалған.Дәрігер Павловская қан тамырлары хирургінің көмегіне жүгінгенін айтқан. Ол дәрігерді де түнгі сағат 23:00-ге дейін күтуге тура келген."Қан тамырларын тексергеннен кейін ол шұғыл операция қажет екенін айтты. Бір сағаттан кейін ол операция бөлмесінен шығып, баланың қан тамырлары ұйып қалғанын, қан айналымы қалпына келмегенін айтты. Ойлаңызшы, туғанына 18 күн болған баланың қан тамырында қалай қан ұйып қалады?", - дейді ашынған әже.Нәресте жансақтау бөлімінде өмір мен өлімнің арасында қалады."24 қыркүйекте бұл проблема басталды, ал 29 қыркүйекте немеремнің қолына ампутация жасады. Дәрігерлер баланың қолы гангрена болып кеткенін, аман алып қалу үшін қолын кесу керек екенін айтты. Аурухана әкімшілігінде біз бәрін түсінеміз және істі бақылауға аламыз деп сендірді. Ал медбике Шынар Рахымбаева өз еркімен жұмыстан шығып кетіпті. Міне біз әділдікке жете алмай жүргелі екі жарым жыл болды", - дейді Зухра Мұсаева.Бармаған тауы, баспаған есігі қалмаған отбасы президент әкімшілігіне дейін шағымданған. Тек сол кезде ғана комиссия келді, дейді Зухра Мұсаева."Тексеру кезінде катетерді Рахымбаева баланың қолтығының астына қойғанын мойындады, ал бұндай процедураны ересек адамға да жасауға болмайды, ал шала туған балаға тіпті қолдануға болмайды. Қолтығының астына катетер қоямын деп, баланың негізгі артериясына зақым келтірген. Медбикенің айтуынша, олардың бөлімшесінде барлық балаға қолтық астына катетер қояды екен, бұл туралы аға медбике де, меңгеруші Олеся Павловская да біледі. Бұл ең өрескел заң бұзушылық. Сот медициналық сараптама балаға дұрыс диагноз қойылмағанын, емді дұрыс жүргізбегенін және емдеу уақытының өтіп кеткенін дәлелдеп берді. Бір сөзбен айтқанда дәрігерлердің салғырттығы менің немеремді өмірбойы қолсыз қалдырды", - дейді Мұсаевтар отбасы.Эльвина қазір екі жарым жаста. Сәбиге көп ұзатпай протез кигізу керек. Оның құны 2 млн теңгеден асады. Механикалық протезді әр он жыл сайын ауыстырып отыру керек. Оның өзі қыруар қаражат дейді ата-анасы.Ал денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселе жоғарғы сотта қаралып жатқанын айтады."Жоғарғы соттың шешімі шыққаннан кейін баланы емдеген мекеме ресми түрде толық ақпаратты береді", - деді облыстық денсаулық сақтау саласының баспасөз қызметі.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0e01d66b04b5a18e38599768218d2aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
мүгедек, алматы, дәрігер
АЛМАТЫ, 16 ақпан – Sputnik. Алматы тұрғыны Эльвинаның бір қолының шынтақ тұсынан ампутация жасалған. Екі жарым жасар бүлдіршіннің әжесі Зухра Мұсаева "дәрігерлердің қателігінен жиенім қолынан айырылды" деп
Sputnik Қазақстаннан көмек сұрады.
Эльвина 2020 жылы 6 қыркүйекте Талғар қаласының перзентханасында дүниеге келген. Нәрестенің салмағы небәрі 1 кг 540 г болған. Шала туғандықтан нәресте 16 қыркүйекте Өтеген батыр ауылындағы балалар ауруханасының неонатология бөлімшесіне ауыстырылады.
"24 қыркүйек күні сағат 11:30-12 шамасында медбике Шынар Рахымбаева баланы катетеризация жасауға алып кеткен. Кейін менің қызым баланың оң қолының аппақ болып, жансызданып қалғанын көреді. Неге бұлай деп сұраса, медбике Рахымбаева "кешке дейін жақсарып кетеді" деп жауап берген. Қанша уақыт өтсе де ешбір дәрігер қызым мен жиенімнің жағдайын сұрамаған. Ал нәресте ауыз жаппай жылаумен болған", - дейді Зухра Мұсаева.
Зухраның айтуынша, нәрестенің анасы медбикеден бірнеше рет өтінгенімен, дәрігерді шақырмаған. Амалы құрыған әже медбикеге өзі қоңырау шалған.
"Мен телефонды алып, "немереме не болды, не үшін дәрігер шақырмай жатсың" деп сұрағанымда Рахымбаева түсініксіз бір нәрсені айтты. Мен кіріскеннен кейін ғана ол дәрігерді шақырды. Ол кезде сағат 16:00 болды. Сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін балаға ешқандай көмек көрсетілмеді. Осыдан кейін ғана Олеся Павловская деген дәрігер немерем Эльвинаны тексеру үшін интенсивті терапия палатасына алып кетті", - дейді Зухра Мұсаева.
Дәрігер Павловская қан тамырлары хирургінің көмегіне жүгінгенін айтқан. Ол дәрігерді де түнгі сағат 23:00-ге дейін күтуге тура келген.
"Қан тамырларын тексергеннен кейін ол шұғыл операция қажет екенін айтты. Бір сағаттан кейін ол операция бөлмесінен шығып, баланың қан тамырлары ұйып қалғанын, қан айналымы қалпына келмегенін айтты. Ойлаңызшы, туғанына 18 күн болған баланың қан тамырында қалай қан ұйып қалады?", - дейді ашынған әже.
Нәресте жансақтау бөлімінде өмір мен өлімнің арасында қалады.
"24 қыркүйекте бұл проблема басталды, ал 29 қыркүйекте немеремнің қолына ампутация жасады. Дәрігерлер баланың қолы гангрена болып кеткенін, аман алып қалу үшін қолын кесу керек екенін айтты. Аурухана әкімшілігінде біз бәрін түсінеміз және істі бақылауға аламыз деп сендірді. Ал медбике Шынар Рахымбаева өз еркімен жұмыстан шығып кетіпті. Міне біз әділдікке жете алмай жүргелі екі жарым жыл болды", - дейді Зухра Мұсаева.
Бармаған тауы, баспаған есігі қалмаған отбасы президент әкімшілігіне дейін шағымданған. Тек сол кезде ғана комиссия келді, дейді Зухра Мұсаева.
"Тексеру кезінде катетерді Рахымбаева баланың қолтығының астына қойғанын мойындады, ал бұндай процедураны ересек адамға да жасауға болмайды, ал шала туған балаға тіпті қолдануға болмайды. Қолтығының астына катетер қоямын деп, баланың негізгі артериясына зақым келтірген. Медбикенің айтуынша, олардың бөлімшесінде барлық балаға қолтық астына катетер қояды екен, бұл туралы аға медбике де, меңгеруші Олеся Павловская да біледі. Бұл ең өрескел заң бұзушылық. Сот медициналық сараптама балаға дұрыс диагноз қойылмағанын, емді дұрыс жүргізбегенін және емдеу уақытының өтіп кеткенін дәлелдеп берді. Бір сөзбен айтқанда дәрігерлердің салғырттығы менің немеремді өмірбойы қолсыз қалдырды", - дейді Мұсаевтар отбасы.
Эльвина қазір екі жарым жаста. Сәбиге көп ұзатпай протез кигізу керек. Оның құны 2 млн теңгеден асады. Механикалық протезді әр он жыл сайын ауыстырып отыру керек. Оның өзі қыруар қаражат дейді ата-анасы.
Ал денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселе жоғарғы сотта қаралып жатқанын айтады.
"Жоғарғы соттың шешімі шыққаннан кейін баланы емдеген мекеме ресми түрде толық ақпаратты береді", - деді облыстық денсаулық сақтау саласының баспасөз қызметі.