https://sputnik.kz/20230216/nazarbaevtyn-sayt-adres-32175233.html
Елбасы туралы заң күшін жойғаннан кейін Назарбаевтың сайты өз адресін өзгертті
Елбасы туралы заң күшін жойғаннан кейін Назарбаевтың сайты өз адресін өзгертті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сайты енді elbasy.kz емес, nazarbayev.kz деп аталады. 16.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-16T09:45+0500
2023-02-16T09:45+0500
2023-02-16T09:45+0500
қоғам
назарбаев
сайттар
https://sputnik.kz/img/1303/72/13037254_0:273:3077:2003_1920x0_80_0_0_b1cc817a0a91b26460be30638f3b0cbe.jpg
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сайты енді elbasy.kz емес, nazarbayev.kz деп аталады.Еске салсақ, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" заңға қол қойды.2022 жылғы маусымда республикада референдум қорытындысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Олардың арасында Ата заңнан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы барлық бапты алып тастау туралы өзгерістер де болды.Назарбаевта қандай кепілдіктер мен артықшылықтар қалғанын мына сілтемеден оқыңыз.Әділет министрі Азамат Есқараевтың айтуынша, экс-президент Елбасы туралы заң күшін жойғаннан кейін де қорғалады."Экс-президент үшін барлық кепілдік сақталады. Оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды", - деді министр.Ал Назарбаев отбасы мүшелерінің банк шоттары мен мүлкіне деген кепілдіктер күшін жойды. Экс-президенттің өкілеттігі Конституция мен Қазақстан президенті туралы заңмен реттеледі.
https://sputnik.kz/20230124/nursultan-nazarbaev-elordadagy-kardiologiyalyq-ortalyqtan-shygaryldy-31383110.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1303/72/13037254_133:232:2554:2047_1920x0_80_0_0_719afaf8f1b8e48e9f3b3d873ade95b5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
назарбаев, сайттар
Елбасы туралы заң күшін жойғаннан кейін Назарбаевтың сайты өз адресін өзгертті
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сайты енді elbasy.kz емес, nazarbayev.kz деп аталады.
Еске салсақ, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы"
заңға қол қойды.2022 жылғы маусымда республикада референдум қорытындысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Олардың арасында Ата заңнан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы барлық бапты алып тастау туралы өзгерістер де болды.
Назарбаевта қандай кепілдіктер мен артықшылықтар қалғанын
мына сілтемеден оқыңыз.
Әділет министрі Азамат Есқараевтың айтуынша, экс-президент Елбасы туралы заң күшін жойғаннан кейін де қорғалады.
"Экс-президент үшін барлық кепілдік сақталады. Оның абыройы мен қадiр-қасиетiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды", - деді министр.
Ал Назарбаев отбасы мүшелерінің банк шоттары мен мүлкіне деген кепілдіктер күшін жойды. Экс-президенттің өкілеттігі Конституция мен Қазақстан президенті туралы заңмен реттеледі.