https://sputnik.kz/20230216/mangystau-oblysynda-bes-ay-buryn-zhogalyp-ketken-3-balanyn-anasy-tabyldy-32187498.html
Маңғыстау облысында бес ай бұрын жоғалып кеткен 3 баланың анасы табылды
Маңғыстау облысында бес ай бұрын жоғалып кеткен 3 баланың анасы табылды
Оған облыс, тіпті республика көлемінде іздеу жарияланған болатын 16.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-16T14:32+0600
2023-02-16T14:32+0600
2023-02-16T14:37+0600
өңірлер
маңғыстау облысы
әйел
полицей
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АЛМАТЫ, 16 ақпан — Sputnik. Маңғыстау облысында 5 ай бұрын жоғалған үш баланың анасы аман-есен табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Жәния Абдуллаеваны полиция майоры Нұржан Жақыпов тауып алған. "14 қаңтарда сағат 12:00 шамасында шағын аудандағы 4-ші үйде орналасқан "Виктория" қонақүйіне әріптесім Жандос Әуелбеков екеуміз шетелдік азаматтарды тексеруге бардық. Тексеру барысында сол жердің әкімшілігімен сөйлесіп, Жәния Абдуллаеваның суретін көрсеттік. Әкімші "4-5 күн болды осы әйелге ұқсас бір кісі аспаздың көмекшісі болып бізге орналасты" деді", - дейді полицей. Полицей жақындап, сөзге тартқанда әйел еңіреп жылап жіберген. "Амандаса салғанымыз сол еді, ол отыра қалып жылап жіберді. Айтуынша, күйеуімен ренжісіп кетіп қалған. Баратын жерім жоқ, әке-шешеме барсам, олар менің өзіме қарсы шығады, деді Жәния", - дейді полиция майоры.Жәния Абдуллаева үш баласын енесіне қалдырып кетіп қалған. Нұржан Жақыповтың айтуынша, 13 жыл тәірибесінде мұндай отбасылық кикілжіңді өте көп көрген. Бірақ бұрынғыға қарағанда отбасын тастап, жоғалып кететіндер саны азайған.Еске сала кетсек, Бейнеу ауылының тұрғыны 27 жастағы Жәния Абдуллаева 29 қыркүйекте жоғалып кеткен болатын. Туыстары ол Ақтауға кетуі мүмкін деп болжады. Полицейлер әйел жоғалған күні Бейнеу-Маңғыстау пойызына билет сатып алғанын анықтады. Келіншек ауруханада жұмыс істеген. Оған облыс, тіпті республика көлемінде іздеу жарияланған болатын.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
маңғыстау облысы, әйел, полицей
маңғыстау облысы, әйел, полицей
Маңғыстау облысында бес ай бұрын жоғалып кеткен 3 баланың анасы табылды
14:32 16.02.2023 (жаңартылды: 14:37 16.02.2023) Оған облыс, тіпті республика көлемінде іздеу жарияланған болатын
АЛМАТЫ, 16 ақпан — Sputnik. Маңғыстау облысында 5 ай бұрын жоғалған үш баланың анасы аман-есен табылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жәния Абдуллаеваны полиция майоры Нұржан Жақыпов тауып алған.
"14 қаңтарда сағат 12:00 шамасында шағын аудандағы 4-ші үйде орналасқан "Виктория" қонақүйіне әріптесім Жандос Әуелбеков екеуміз шетелдік азаматтарды тексеруге бардық. Тексеру барысында сол жердің әкімшілігімен сөйлесіп, Жәния Абдуллаеваның суретін көрсеттік. Әкімші "4-5 күн болды осы әйелге ұқсас бір кісі аспаздың көмекшісі болып бізге орналасты" деді", - дейді полицей.
Полицей жақындап, сөзге тартқанда әйел еңіреп жылап жіберген.
"Амандаса салғанымыз сол еді, ол отыра қалып жылап жіберді. Айтуынша, күйеуімен ренжісіп кетіп қалған. Баратын жерім жоқ, әке-шешеме барсам, олар менің өзіме қарсы шығады, деді Жәния", - дейді полиция майоры.
Жәния Абдуллаева үш баласын енесіне қалдырып кетіп қалған.
Нұржан Жақыповтың айтуынша, 13 жыл тәірибесінде мұндай отбасылық кикілжіңді өте көп көрген. Бірақ бұрынғыға қарағанда отбасын тастап, жоғалып кететіндер саны азайған.
Еске сала кетсек, Бейнеу ауылының тұрғыны 27 жастағы Жәния Абдуллаева 29 қыркүйекте жоғалып кеткен болатын. Туыстары ол Ақтауға кетуі мүмкін деп болжады. Полицейлер әйел жоғалған күні Бейнеу-Маңғыстау пойызына билет сатып алғанын анықтады. Келіншек ауруханада жұмыс істеген.
Оған облыс, тіпті республика көлемінде іздеу жарияланған болатын.