https://sputnik.kz/20230216/euraziyalyq-ekonomikalyq-komissiya-koshi-qon-salasynda-ashyqtyq-qagidatyn-qoldanudy-usyndy-32203711.html
Еуразиялық экономикалық комиссия көші-қон саласында ашықтық қағидатын қолдануды ұсынды
Еуразиялық экономикалық комиссия көші-қон саласында ашықтық қағидатын қолдануды ұсынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне еңбек көші-қонын реттеу тәсілдерін жетілдіруді... 16.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-16T21:17+0500
2023-02-16T21:17+0500
2023-08-10T12:23+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/1269/91/12699189_0:85:1616:994_1920x0_80_0_0_effea03328dc942a5dae2f31f693b79d.jpg
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне еңбек көші-қонын реттеу тәсілдерін жетілдіруді ұсынды."Мүше мемлекеттерге, атап айтқанда, одақ елдері еңбекшілерінің еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты әкімшілік рәсімдердің ашықтығы мен қарапайымдылығы қағидатын ұстану ұсынылды. Бұл олардың жайлылық деңгейін арттыруға ықпал ететіні және ЕАЭО- ның негізгі міндеттерінің бірі – еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастыруға тиімдірек көмектесетіні аталып өтті", - делінген ЕЭК баспасөз қызметінің хабарламасында.Құжатқа сәйкес қызметкерлермен электрондық түрде еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасасуға жәрдемдесу ұсынылады.ЕЭК алқасының пікірінше, бұл еңбек қатынастарының қашықтағы нысандарын заңнамалық салаға ауыстыруға мүмкіндік береді, ал бұл бір жағынан, еңбек адамдарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін толық көлемде іске асыруға, ал екінші жағынан – салықтық әкімшілендіру мен статистикалық есепке алуды жүргізудің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.Бұдан басқа, жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелерінің мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету ұсынылады.Бұл мемлекеттік қызметтердің ресми порталдарын пайдаланудағы белгілі бір шектеулерге байланысты. Мысалы, оларға ұлттық құжаттар бойынша порталдарда тіркелу қиын немесе тіпті мүмкін емес, деп атап өтті ЕЭК.ЕЭК алқасы қабылдаған құжатты іске асыру көбіне жағдайды жақсы жаққа өзгертеді және Одақ елдеріне еңбек көші-қон ағындарын бірлесіп тиімдірек реттеуге мүмкіндік береді деп жоспарланып жатыр.ЕАЭО құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясы кіреді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1269/91/12699189_88:0:1528:1080_1920x0_80_0_0_e7eb423efed79f088cc53a6bec7028ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне еңбек көші-қонын реттеу тәсілдерін жетілдіруді ұсынды.
"Мүше мемлекеттерге, атап айтқанда, одақ елдері еңбекшілерінің еңбек қызметін жүзеге асырумен байланысты әкімшілік рәсімдердің ашықтығы мен қарапайымдылығы қағидатын ұстану ұсынылды. Бұл олардың жайлылық деңгейін арттыруға ықпал ететіні және ЕАЭО- ның негізгі міндеттерінің бірі – еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастыруға тиімдірек көмектесетіні аталып өтті", - делінген ЕЭК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Құжатқа сәйкес қызметкерлермен электрондық түрде еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасасуға жәрдемдесу ұсынылады.
ЕЭК алқасының пікірінше, бұл еңбек қатынастарының қашықтағы нысандарын заңнамалық салаға ауыстыруға мүмкіндік береді, ал бұл бір жағынан, еңбек адамдарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін толық көлемде іске асыруға, ал екінші жағынан – салықтық әкімшілендіру мен статистикалық есепке алуды жүргізудің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
"Сондай-ақ ЕАЭО елдеріне мүше мемлекеттердің еңбеккерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне жұмысқа орналасқан елде ұзақ мерзім болуға жағдай жасайтын мәртебе беру ұсынылды. Осы уақытқа дейін бір жылдан астам мерзімге еңбек шарттарын жасасқан жұмыскерлердің бірқатар мүше мемлекеттерде мұндай шарттардың қолданылу мерзімі ішінде көші-қон есебіне тұруға мүмкіндігі болмады", - деп қосты олар.
Бұдан басқа, жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелерінің мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету ұсынылады.
Бұл мемлекеттік қызметтердің ресми порталдарын пайдаланудағы белгілі бір шектеулерге байланысты. Мысалы, оларға ұлттық құжаттар бойынша порталдарда тіркелу қиын немесе тіпті мүмкін емес, деп атап өтті ЕЭК.
ЕЭК алқасы қабылдаған құжатты іске асыру көбіне жағдайды жақсы жаққа өзгертеді және Одақ елдеріне еңбек көші-қон ағындарын бірлесіп тиімдірек реттеуге мүмкіндік береді деп жоспарланып жатыр.
ЕАЭО құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясы кіреді.