https://sputnik.kz/20230216/atyrauda-it-qapqan-bala-zhansaqtau-bolimine-tusti-32191017.html
Атырауда ит қапқан бала жансақтау бөліміне түсті
Атырауда ит қапқан бала жансақтау бөліміне түсті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 16 ақпан — Sputnik. Атырауда ит талаған 8 жастағы бала жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 16.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-16T21:50+0500
2023-02-16T21:50+0500
2023-02-16T21:50+0500
ит
мысық
атырау
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18768019_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_c9b87dc48d8e97a3e81bfb65567cf08d.jpg
АЛМАТЫ, 16 ақпан — Sputnik. Атырауда ит талаған 8 жастағы бала жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оқиға 15 қаңтарда кешкі сағат 19.00 шамасында Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала елді мекенінде болған.Баланы ит қапқанын ешкім көрмей қалған. Әбден талап болғаннан кейін көршісі көріп көмекке жүгірген. Бұралқы иттер жеткіншектің басы мен қолын аяусыз тістеп тастаған."15 ақпан күні сағат 19:00 шамасында 2015 жылы туған бала жарақат бөлімшесіне жеткізілді, оның басы мен аяғы жараланған. Бала травматикалық шокта болды, ол бірден жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды", - деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқрмасының баспасөз қызметі.Былтыр Атырау облысында 463 адам ит пен мысықтан зардап шеккен. Ал 2021 жылы 398 адамды тістеген. Яғни, бір жылда 65 адамға көбейген.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18768019_213:0:1920:1280_1920x0_80_0_0_75a3681dbe3bd0531ea18d217fc66c78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ит, мысық, атырау
Атырауда ит қапқан бала жансақтау бөліміне түсті
АЛМАТЫ, 16 ақпан — Sputnik. Атырауда ит талаған 8 жастағы бала жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 15 қаңтарда кешкі сағат 19.00 шамасында Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала елді мекенінде болған.
"Бала сабақтан келе жатқанда бұралқы иттер талаған. Баланың ата-анасымен сөйлесіп, мәселені бақылауда ұстап отырмыз. Бастауыш сыныптың оқушысы болғандықтан, баланы мектептен күтіп алып, шығарып салатын қасында адам болу керек еді", – дейді Кеңөзек ауылдық округінің әкімдігі.
Баланы ит қапқанын ешкім көрмей қалған. Әбден талап болғаннан кейін көршісі көріп көмекке жүгірген. Бұралқы иттер жеткіншектің басы мен қолын аяусыз тістеп тастаған.
"15 ақпан күні сағат 19:00 шамасында 2015 жылы туған бала жарақат бөлімшесіне жеткізілді, оның басы мен аяғы жараланған. Бала травматикалық шокта болды, ол бірден жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды", - деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқрмасының баспасөз қызметі.
Былтыр Атырау облысында 463 адам ит пен мысықтан зардап шеккен. Ал 2021 жылы 398 адамды тістеген. Яғни, бір жылда 65 адамға көбейген.