https://sputnik.kz/20230215/turkistan-oblysy-vizit-ortalyq-qurylys-32107331.html
Биыл Түркістан облысында үш визит-орталықтың құрылысы аяқталады
Биыл Түркістан облысында үш визит-орталықтың құрылысы аяқталады
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі 2023 жылы "Сауран", "Гаухар-ана" және "Ордабасы" визит-орталықтарының құрылысын аяқтайды. 15.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-15T09:55+0600
2023-02-15T09:55+0600
2023-02-15T09:55+0600
мәдениет
туризм
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0e/29296494_0:31:593:365_1920x0_80_0_0_9d6581465716ad6b9816d49bebfd38f7.jpg
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі 2023 жылы "Сауран", "Гаухар-ана" және "Ордабасы" визит-орталықтарының құрылысын аяқтайды.Бұл туралы МСМ тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сеидалиева мәлімдеді.МСМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, "Сауран" қалашығы Түркістан қаласынан 40 шақырым жерде. Мұнда келушілер мен туристерге қызмет көрсету үшін заманға сай инфрақұрылым жасалады.Ал "Гаухар-ана" кесенесі – Орта Азия аумағындағы әйелдер құлшылық жасауға арнайы келетін орын. Визит-орталықта қонақтарға жайлы жағдай жасау үшін түнеуге арналған орындар қарастырылған."Ордабасы" аумағында да визит-орталықтың құрылысы белсенді жүріп жатыр."Визит-орталықтар бірінші кезекте ғылыми, мәдени, ақпараттық кешен ретінде пайдаланылады. Мұнда туристер үшін барлық қолайлы жағдай жасалады. Бұдан бөлек жергілікті жердің мәдени-туристік кластерін дамытуға, өңірдің брендке айналған тарихи-мәдени және табиғи ресурстарды пайдалана отырып, имидждік, туристік өнімдерді жасауға үлкен мүмкіндік",- деді Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы.Министрлік бүгінгі таңда Қазақстанда үш визит-орталық жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Ол Алматы облысындағы "Таңбалы", Ұлытау облысындағы "Ұлытау" және Түркістан облысындағы "Отырар" орталықтары.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/0e/29296494_33:0:560:395_1920x0_80_0_0_d5dc5194d571bbb29cb41c36f6fdac5c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
туризм
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі 2023 жылы "Сауран", "Гаухар-ана" және "Ордабасы" визит-орталықтарының құрылысын аяқтайды.
Бұл туралы МСМ тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сеидалиева мәлімдеді.
"2023 жылы үш визит-орталықтың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Ол "Сауран", "Гаухар-ана" және "Ордабасы" туристік оралықтары. Аталған тарихи визит-орталықтардың үшеуі де еліміздің рухани астанасы – Түркістан облысында орналасқан",- деді Сеидалиева.
МСМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, "Сауран" қалашығы Түркістан қаласынан 40 шақырым жерде. Мұнда келушілер мен туристерге қызмет көрсету үшін заманға сай инфрақұрылым жасалады.
Ал "Гаухар-ана" кесенесі – Орта Азия аумағындағы әйелдер құлшылық жасауға арнайы келетін орын. Визит-орталықта қонақтарға жайлы жағдай жасау үшін түнеуге арналған орындар қарастырылған.
"Ордабасы" аумағында да визит-орталықтың құрылысы белсенді жүріп жатыр.
"Визит-орталықтар бірінші кезекте ғылыми, мәдени, ақпараттық кешен ретінде пайдаланылады. Мұнда туристер үшін барлық қолайлы жағдай жасалады. Бұдан бөлек жергілікті жердің мәдени-туристік кластерін дамытуға, өңірдің брендке айналған тарихи-мәдени және табиғи ресурстарды пайдалана отырып, имидждік, туристік өнімдерді жасауға үлкен мүмкіндік",- деді Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы.
Министрлік бүгінгі таңда Қазақстанда үш визит-орталық жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Ол Алматы облысындағы "Таңбалы", Ұлытау облысындағы "Ұлытау" және Түркістан облысындағы "Отырар" орталықтары.