Қазақстанда бір сағаттық ереуіл өткізуге болады - президент заңға қол қойды

© Photo : Әлеуметтік желіден алындыЖұмысшылар наразылығы
Жұмысшылар наразылығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Осы құжатқа сәйкес, жұмысшыларға бір сағаттық ескерту ереуілін өткізуге рұқсат беріледі. Уақыты - бір сағат. Бірақ адам санына да шектеу бар.
Бұған дейін брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов адам саны 50-ден аспауы керектігін айтқан болатын. Ескерту ереуілі жұмысшылардың талабын тиімді қарастыруға және бәріне ыңғайлы шешім қабылдауға ықпал етуі керек.
Сол кезде вице-министр толыққанды ереуілді өткізу тәртібін де түсіндірген. Бәрі жұмысшылардың талабынан басталады. Бұл - бірінші кезең. Екі жақ келісімге келмесе, барлық мәселе татуласу комиссиясында қаралады. Оған жұмыс беруші мен жұмысшылардың өкілдері тең дәрежеде кіреді.
Татуласу комиссиясында ештеңе шешілмесе, еңбек арбитражы құрылады. Оның құрамына да екі жақтың адамдары, еңбек инспекторы және тағы басқа сарапшылар кіреді. Онда да келісімге келмесе, жұмысшылар ереуіл жариялауға құқылы.
Президент қол қойған заңда арбитражды құру мерзімі екі күнге қысқартылады. Ал шешім шығаруға үш күн беріледі.
Сондай-ақ, келісу комиссиясына шағым түсіру тәртібі жан-жақты жазылған. Жұмыс беруші ереуіл және тағы басқа шараларды өткізу үшін жағдай жасауға міндетті.
Нұрсұлтан Назарбаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2023
Елбасы туралы конституциялық заңның күшi жойылды
Жаңалықтар
0