Қар, жаңбыр, көктайғақ: синоптиктер 16-18 ақпанға болжам жасады

© PhotoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2023
Жазылу
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 16-18 ақпанда ауа райы қандай болатынын болжады.
Қазақстанның солтүстігінде екпінді жел тұрып, қар жауады, ал оңтүстігінде қатты жаңбыр мен қар жауады.
"16-18 ақпанда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр, қар жауады деп болжанып отыр. Республиканың оңтүстік жартысында көктайғақ, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі. Республиканың солтүстік жартысында кейде жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады", - деп жазылған хабарламада.
Синоптиктер мұндай ауа райына батыстан шығысқа қарай жылжитын циклон әсер ететінін атап өтті.
Жаңалықтар
0