https://sputnik.kz/20230215/ortalyq-saylau-komissiyasy-respublika-partiyasy-kandidattar-tizimi-32156925.html
Орталық сайлау комиссиясы Respublika партиясының кандидаттар тізімін тіркеді
Орталық сайлау комиссиясы Respublika партиясының кандидаттар тізімін тіркеді
Sputnik Қазақстан
Екі кандидат өз еркімен партиялық тізімнен шығару туралы өтініш берген 15.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-15T15:50+0500
2023-02-15T15:50+0500
2023-02-15T15:50+0500
саясат
партия
мәжіліс сайлауы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15712979_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_926a820f3a17c620dfc7672dfa500c74.jpg
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Respublika партиясының 23 үміткерден құралған партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісовтің айтуынша, Respublika партиясы партиялық тізім бойынша мәжіліс сайлауына 25 адам ұсынған.Алайда кейін екі кандидат – Дархан Иманашев пен Олжас Сұлтанов Орталық сайлау комиссиясына оларды партиялық тізімнен өз еркімен шығару туралы өтініш берген. ОСК өз құзыреті аясында тиісті шешім қабылдады. Осылайша екі үміткер Respublika-ның партиялық тізімінен алынып тасталды.Ол Respublika партиясы алдыңғы парламенттік сайлауға қатыспағанын атап өтті. Сондықтан олар заңға сәйкес, партииялық тізімді тіркеу үшін ОСК шотына сайлау жарнасын енгізуге тиіс. Сайлау жарнасы әр кандидат үшін ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшеріне, яғни 1 050 000 теңгеге тең."Respublika партиясы сайлау жарнасын толық көлемде төледі", - деді Өтемісов.Осылайша алдағы мәжіліс сайлауына қатысатын барлық жеті саяси партияның партиялық тізімі тіркелді.Сайлау 19 наурызда өтеді.
https://sputnik.kz/20230208/mazhilis-zhane-maslikhat-saylauy-turaly-ne-bilu-kerek-31889181.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15712979_401:0:2652:1688_1920x0_80_0_0_2b62b002243223f5cdedc7e41b72c0de.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
партия, мәжіліс сайлауы
Орталық сайлау комиссиясы Respublika партиясының кандидаттар тізімін тіркеді
Екі кандидат өз еркімен партиялық тізімнен шығару туралы өтініш берген
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Respublika партиясының 23 үміткерден құралған партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісовтің айтуынша, Respublika партиясы партиялық тізім бойынша мәжіліс сайлауына 25 адам ұсынған.
Алайда кейін екі кандидат – Дархан Иманашев пен Олжас Сұлтанов Орталық сайлау комиссиясына оларды партиялық тізімнен өз еркімен шығару туралы өтініш берген. ОСК өз құзыреті аясында тиісті шешім қабылдады. Осылайша екі үміткер Respublika-ның партиялық тізімінен алынып тасталды.
"Осыны ескере отырып, партиялық тізімге 23 адам енді. Оның 8-і – әйелдер, жастар, мүгедектігі бар адамдар. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституция мен "Сайлау туралы" конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді", - деді Өтемісов Орталық сайлау комиссиясының отырысында.
Ол Respublika партиясы алдыңғы парламенттік сайлауға қатыспағанын атап өтті. Сондықтан олар заңға сәйкес, партииялық тізімді тіркеу үшін ОСК шотына сайлау жарнасын енгізуге тиіс. Сайлау жарнасы әр кандидат үшін ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшеріне, яғни 1 050 000 теңгеге тең.
"Respublika партиясы сайлау жарнасын толық көлемде төледі", - деді Өтемісов.
Осылайша алдағы мәжіліс сайлауына қатысатын барлық жеті саяси партияның партиялық тізімі тіркелді.
Сайлау 19 наурызда өтеді.