НАТО Еуропаны соғысқа дайындап жатыр ма

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЭмблема НАТО
Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2023
Жазылу
Bloomberg агенттігі өз ақпарат көзіне сілтеме жасап, жақын күндері НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері ұйым жарғысының бесінші бабына қосымша түріндегі құпия құжатқа қол қоятынын хабарлады. Ол құжат жоғары қарқынды қақтығысқа, соның ішінде бұл бап қарастырмайтын жағдайда мұндай қақтығысқа бір мезгілде қатысу кезінде альянстың әрекеттерін сипаттайды, деп ақпарат таратты РИА Новости.
НАТО жарғысының 5-бабы ұжымдық қорғаныс мәселесін қамтитын тармақ болып табылады. Яғни альянс мүшелерінің біріне қарсы агрессия тұтастай ұйымға шабуыл ретінде қарастырылады да, ол агрессияға бірлесе жауап беруге итермелейді.
Шындығында НАТО-ның қаласа кез келген қақтығысқа араласудан жалтару мүмкіндігі бар екені көптен бері айтылып келеді. Бірақ Bloomberg мәліметі бойынша, Брюссель оқиғалардың дәл осындай өрбуі кезінде сақтық шараларын қабылдап жатқаны байқалады. Сондықтан альянстың кейбір мүшелері қандай да бір соғыс қимылдарына қатысқан кезде НАТО бесінші бапты қолданбауы ықтимал.
"Бұл әрекеттің нақты себебі Украина екені белгілі. Батыс бұл аумақта Ресейді жеңетініне сенімді болғанымен, қазіргі ахуал мүлде басқаша қалыптасып жатыр. Соңғы аптада әлемдік беделді ресурстардың көбі Украина Қарулы күштері жеңілетінін және батыс техникасының жеткізілімдері көмектесе алмайтынын ашық жазып жатыр", - деп жазылған материалда.
АҚШ пен Еуропаның Ресейді украиндардың көмегімен жеңу жоспары қазірдің өзінде күл-талқан болды, яғни енді не істеу керек деген мәселе тұр.
Бұл жағдай бірнеше жыл бұрын болған болса, Батыс біраз уақыттан кейін қайтадан әрекет ету үшін әскери және саяси қайта топтастыру үшін кері шегінер еді. Дәл осы тактика бірнеше жылдан бері байқалады: Ресейге жасалған қатаң, бірақ тиімсіз шабуылдан кейін салыстырмалы түрде тыныштық кезеңі орнап, тіпті мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру әрекеттері қабылданады.
Бірақ бұл жолы Батыстың уақыты жоқ: өзі көшбасшысы болып табылатын әлемдік жаһандық жүйе жылдам ыдырап жатыр. Оның кідіруге де, шегінуге де шамасы жоқ. Сондықтан бастаған істі аяқтауға тура келеді. Украинадан кейін бұл бағыттағы іс-қимылдарға НАТО елдерін жұмылдыратыны белгілі.
Бірақ мұнда Солтүстік Атлантикалық альянстағы қарым-қатынастың ішкі қайшылықтары пайда болады. Ұйымның жетекшісі АҚШ Еуропаны Ресеймен соғысқа итермелеп, бұдан елеулі экономикалық пайда көруді, бірақ өзі Мәскеумен тікелей әскери қақтығысқа түспеуді көздеп отырғаны бәріне белгілі.
Bloomberg жариялаған НАТО жоспары нақты осы мәселені шешуге бағытталған. Бір жағынан, ұйымға мүше елдердің қатысуымен соғыс қимылдары болған жағдайда бесінші бапты қолданбау бойынша шараларды дайындау жүріп жатыр. Екінші жағынан, бұл құпия құжат көп жыл бойы атышулы әскери қажеттілікьерге ЖІӨ-нің екі процентін бөлуден жалтарып келген ұйымның дәулетті мүшелерінен қорғаныс шығындарын өтеуге бағытталған.
"Бірінші кезекте поляктар мен басқа да шығыс еуропалықтар тұрғаны анық. Бірақ АҚШ-тың Батыс Еуропаға қатысты да ауқымды жоспарлары бар екені даусыз. Ал жергілікті элитаның Вашингтонды қолдайтынын ескерсек, америкалықтардың Ескі Әлемді әлі талай тығырыққа тіреуінің ықтималдылығы жоғары", - деп жазылған материалда.
Жаңалықтар
0