https://sputnik.kz/20230215/mugedektigi-bar-balalar-tekhnikalyq-onaltu-quraldarynyn-parkteri-32168956.html
Мүгедектігі бар балаларға арналған техникалық оңалту құралдарының парктері ашылады
Мүгедектігі бар балаларға арналған техникалық оңалту құралдарының парктері ашылады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 15 ақпан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы Болат... 15.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-15T21:56+0500
2023-02-15T21:56+0500
2023-02-15T21:56+0500
мүгедек
бала
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0b/15441196_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_15f508c224033c530c3c8a7d38c34e67.jpg
АЛМАТЫ, 15 ақпан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы Болат Жәмішев өңірлерде мүгедектігі бар балаларға арналған техникалық оңалту құралдары парктерін ашу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды еңбек жаны халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Келіссөз барысында Тамара Дүйсенова мүгедектігі бар балаларға оңалту құралдарының заманауи және күрделі түрлерін уақытша пайдалану мүмкіндігін беру үшін техникалық оңалту құралдары парктерін ашудың маңыздылығын атап өтті. "Қазақстанда 104,3 мың мүгедектігі бар бала тұрады, оның ішінде 7 жасқа дейінгі 33,7 мың бала, бірінші топтағы мүгедектігі бар 11,1 мың бала және 7 жастан 18 жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедектігі бар 22,7 мың бала. Бұл балаларға жиырма жеті медициналық-әлеуметтік мекемеде оңалту қызметтері ұсынылады. Парктерді құру оңалту құралдарының заманауи, қымбат түрлеріне қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті министр. Өз кезегінде Болат Жәмішев "Қазақстан халқына" қоры техникалық оңалту құралдарының парктерін жарақтандыру үшін қаржылай қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. 2023 жылы аталған парктерді құру бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы шешім қабылдады. Жақын арада пилоттық жобаның операторы және қолайлы алаңдар мен өңірлерді анықтау жұмысы басталады. Пилоттық жоба аясында мамандарды қазіргі заманғы халықаралық қағидаттарына оқыту ұйымдастырылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0b/15441196_150:0:1050:675_1920x0_80_0_0_5c30bfded94ea943bf88ecb1a0ee0ffd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мүгедек, бала
Мүгедектігі бар балаларға арналған техникалық оңалту құралдарының парктері ашылады
АЛМАТЫ, 15 ақпан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы Болат Жәмішев өңірлерде мүгедектігі бар балаларға арналған техникалық оңалту құралдары парктерін ашу мәселелерін талқылады, деп
хабарлайды еңбек жаны халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Келіссөз барысында Тамара Дүйсенова мүгедектігі бар балаларға оңалту құралдарының заманауи және күрделі түрлерін уақытша пайдалану мүмкіндігін беру үшін техникалық оңалту құралдары парктерін ашудың маңыздылығын атап өтті.
"Қазақстанда 104,3 мың мүгедектігі бар бала тұрады, оның ішінде 7 жасқа дейінгі 33,7 мың бала, бірінші топтағы мүгедектігі бар 11,1 мың бала және 7 жастан 18 жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедектігі бар 22,7 мың бала. Бұл балаларға жиырма жеті медициналық-әлеуметтік мекемеде оңалту қызметтері ұсынылады. Парктерді құру оңалту құралдарының заманауи, қымбат түрлеріне қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті министр.
Өз кезегінде Болат Жәмішев "Қазақстан халқына" қоры техникалық оңалту құралдарының парктерін жарақтандыру үшін қаржылай қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
2023 жылы аталған парктерді құру бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы шешім қабылдады. Жақын арада пилоттық жобаның операторы және қолайлы алаңдар мен өңірлерді анықтау жұмысы басталады.
Пилоттық жоба аясында мамандарды қазіргі заманғы халықаралық қағидаттарына оқыту ұйымдастырылады.