https://sputnik.kz/20230215/mazhilis-saylauy-amanat-partiyasy-kandidattar-32109432.html
Мәжіліс сайлауы: Amanat партиясы ұсынған кандидаттар тізімі тіркелді
Мәжіліс сайлауы: Amanat партиясы ұсынған кандидаттар тізімі тіркелді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Amanat партиясының алдағы мәжіліс сайлауына партиялық тізім бойынша ұсынған кандидаттарын тіркеді, деп... 15.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-15T09:35+0500
2023-02-15T09:35+0500
2023-02-15T09:37+0500
саясат
партия
мәжіліс сайлауы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/07/31830715_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_bba7a0174791f15b422b7d61a37a2a03.jpg
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Amanat партиясының алдағы мәжіліс сайлауына партиялық тізім бойынша ұсынған кандидаттарын тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, Amanat партиясының партиялық тізіміне 90 адам енгізілген. Оның 29-ы – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Бұл тізімге енгізілген кандидаттардың жалпы санының 32,2%-ін құрайды.Заңнамаға сәйкес, саяси партия партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін сайлау жарнасын төлеуі керек. Ол ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшеріне, яғни 1 050 000 теңгеге тең.Алайда парламент мәжілісінің алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5 және одан көп даусын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді."2021 жылғы 10 қаңтарда өткен мәжіліс сайлауында Amanat, бұрынғы "Нұр Отан" партиясы сайлаушылардың 71,9 пайыз даусын жинады. Осыған байланысты Amanat партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылады", - деді ОСК хатшысы.Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/07/31830715_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_f37e039176816aac1d3a6fbc25545226.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
партия, мәжіліс сайлауы
Мәжіліс сайлауы: Amanat партиясы ұсынған кандидаттар тізімі тіркелді
09:35 15.02.2023 (жаңартылды: 09:37 15.02.2023) АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Amanat партиясының алдағы мәжіліс сайлауына партиялық тізім бойынша ұсынған кандидаттарын тіркеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, Amanat партиясының партиялық тізіміне 90 адам енгізілген. Оның 29-ы – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Бұл тізімге енгізілген кандидаттардың жалпы санының 32,2%-ін құрайды.
"Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың Конституция мен "Сайлау туралы" заңның талаптарына сәйкестігіне тексеріс жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституция және "Сайлау туралы" конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді", - деді Ерман Орталық сайлау комиссиясының отырысында.
Заңнамаға сәйкес, саяси партия партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін сайлау жарнасын төлеуі керек. Ол ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшеріне, яғни 1 050 000 теңгеге тең.
Алайда парламент мәжілісінің алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5 және одан көп даусын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді.
"2021 жылғы 10 қаңтарда өткен мәжіліс сайлауында Amanat, бұрынғы "Нұр Отан" партиясы сайлаушылардың 71,9 пайыз даусын жинады. Осыған байланысты Amanat партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылады", - деді ОСК хатшысы.
Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді.