https://sputnik.kz/20230215/kelissoz-zhurgizilip-zhatyr-qazaqstan-munayy-germaniyaga-ali-zhoneltilgen-zhoq-32156534.html
Келіссөз жүргізіліп жатыр: Қазақстан мұнайы Германияға әлі жөнелтілген жоқ
Келіссөз жүргізіліп жатыр: Қазақстан мұнайы Германияға әлі жөнелтілген жоқ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 ақпан - Sputnik. Қазақстандық мұнайды Германияға жеткізуде техникалық шектеулер жоқ, екі жақтың серіктестері коммерциялық келіссөзді жалғастырып... 15.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-15T15:33+0500
2023-02-15T15:33+0500
2023-02-15T15:41+0500
экономика
мұнай
қазақстан
германия
https://sputnik.kz/img/07e6/05/04/24634639_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_7f7211af9bbf46414bb58e7b7dba74ce.jpg
АСТАНА, 15 ақпан - Sputnik. Қазақстандық мұнайды Германияға жеткізуде техникалық шектеулер жоқ, екі жақтың серіктестері коммерциялық келіссөзді жалғастырып жатыр, деп хабарлады энергетика вице-министрі Асхат Хасенов баспасөз мәслихатында.Мұнай "Дружба" құбыры арқылы ақпан айының басында Қазақстаннан Германияға жөнелтіледі деп жоспарланған болатын. Бірақ әлі іске қосылған жоқ, деп хабарлады энергетика министрлігінің өкілі.Техникалық шектеулерге тоқталған вице-министр қазақстандық мұнайды Атырау-Самара бағыты бойынша "Дружба" мұнай құбырына жеткізу жоспарланып отырғанын түсіндірді.Өткен жылдың соңында "Транснефть" "ҚазТрансОйл" компаниясынан "Дружба" мұнай құбырының қосымша қуат қорына өтінім алғанын хабарлады. 2023 жылға Германияға транзиттік 1,2 миллион тонна көлемінде мұнай жеткізу жоспарланған.Бұл ақпаратты Қазақстан тарапы да растады. Оның 300 мың тоннасы бірінші тоқсанда, 20 мың тоннасы қаңтарда ғана өткізіледі деп жоспарланып отыр.
қазақстан
германия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/04/24634639_73:0:2802:2047_1920x0_80_0_0_5edd52ef0a268b865c2e4978e99fb29b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, қазақстан, германия
мұнай, қазақстан, германия
Келіссөз жүргізіліп жатыр: Қазақстан мұнайы Германияға әлі жөнелтілген жоқ
15:33 15.02.2023 (жаңартылды: 15:41 15.02.2023) АСТАНА, 15 ақпан - Sputnik. Қазақстандық мұнайды Германияға жеткізуде техникалық шектеулер жоқ, екі жақтың серіктестері коммерциялық келіссөзді жалғастырып жатыр, деп хабарлады энергетика вице-министрі Асхат Хасенов баспасөз мәслихатында.
Мұнай "Дружба" құбыры арқылы ақпан айының басында Қазақстаннан Германияға жөнелтіледі деп жоспарланған болатын. Бірақ әлі іске қосылған жоқ, деп хабарлады энергетика министрлігінің өкілі.
"Бүгінгі таңда мұнайды сатып алушы мен жеткізуші арасында келіссөз жүргізіліп жатыр. Техникалық шектеулер жоқ. Алғашқы келіссөз кезінде тарихи тұрғыдан көптеген сұрақ туындайды. Олар белгілі бір мөлшерді талап етеді. Яғни, олар бұл көлемді кестеден алып тастамайды және ақпан айының соңына дейін ешқандай шектеу жоқ", - деді Асхат Хасенов.
Техникалық шектеулерге тоқталған вице-министр қазақстандық мұнайды Атырау-Самара бағыты бойынша "Дружба" мұнай құбырына жеткізу жоспарланып отырғанын түсіндірді.
Өткен жылдың соңында "Транснефть" "ҚазТрансОйл" компаниясынан "Дружба" мұнай құбырының қосымша қуат қорына өтінім алғанын хабарлады. 2023 жылға Германияға транзиттік 1,2 миллион тонна көлемінде мұнай жеткізу жоспарланған.
Бұл ақпаратты Қазақстан тарапы да растады. Оның 300 мың тоннасы бірінші тоқсанда, 20 мың тоннасы қаңтарда ғана өткізіледі деп жоспарланып отыр.