https://sputnik.kz/20230215/depozitke-10-otemaqy-salymshylardyn-agymdagy-bank-shotyna-tusedi-32105398.html
Депозитке 10% өтемақы салымшылардың ағымдағы банк шотына түседі
Депозитке 10% өтемақы салымшылардың ағымдағы банк шотына түседі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшыларға 10% мөлшерінде өтемақы (сыйақы) түсетін қолданыстағы ағымдағы шоттың... 15.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-15T07:27+0500
2023-02-15T07:27+0500
2023-02-15T07:27+0500
депозит
https://sputnik.kz/img/437/66/4376648_0:200:2935:1850_1920x0_80_0_0_1fd63de516ac14f5c5fc47fede584937.jpg
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшыларға 10% мөлшерінде өтемақы (сыйақы) түсетін қолданыстағы ағымдағы шоттың бар-жоғын тексеруді және қажет болған жағдайда оны ашуды ұсынды.Банктер 2023 жылдың 10 ақпанында өтемақы төлеуге өтініш қабылдауды аяқтады. Қор салымшыға 10% сыйақыны депозит ашылған банк төлейтінін атап өтті. Төлемдер 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін түседі. Сол күні Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы аяқталады. Салымшы 2023 жылдың 24 ақпанынан бастап өтелетін салымнан қаражатты ішінара немесе толық алуға құқылы.Сыйақы 2022 жылғы 23 ақпаннан 2023 жылғы 23 ақпанға дейін шотта болған ең төменгі сомаға есептеледі, бірақ 2 млн теңгеден аспайды.Толығырақ ақпаратты банктерден білуге немесе сұрақтарыңызды поштаға жіберуге болады немесе info@kdif.kz, @kdif_ask Telegram-чатына жазып, 1460 тегін нөмірі арқылы хабарласыңыз.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/437/66/4376648_101:0:2832:2048_1920x0_80_0_0_f9cedc453060056455c5389fa030684b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депозит
Депозитке 10% өтемақы салымшылардың ағымдағы банк шотына түседі
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымшыларға 10% мөлшерінде өтемақы (сыйақы) түсетін қолданыстағы ағымдағы шоттың бар-жоғын тексеруді және қажет болған жағдайда оны ашуды ұсынды.
"Теңгедегі депозиттер бойынша сыйақы салымшылардың ағымдағы банк шотына аударылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің (Отбасы банк) депозиторларына келетін болсақ, 10 пайыздық сыйақы олардың жинақ шотына түседі", - делінген хабарламада.
Банктер 2023 жылдың 10 ақпанында өтемақы төлеуге өтініш қабылдауды аяқтады. Қор салымшыға 10% сыйақыны депозит ашылған банк төлейтінін атап өтті. Төлемдер 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін түседі. Сол күні Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы аяқталады. Салымшы 2023 жылдың 24 ақпанынан бастап өтелетін салымнан қаражатты ішінара немесе толық алуға құқылы.
Сыйақы 2022 жылғы 23 ақпаннан 2023 жылғы 23 ақпанға дейін шотта болған ең төменгі сомаға есептеледі, бірақ 2 млн теңгеден аспайды.
Толығырақ ақпаратты банктерден білуге немесе сұрақтарыңызды поштаға жіберуге болады немесе info@kdif.kz, @kdif_ask Telegram-чатына жазып, 1460 тегін нөмірі арқылы хабарласыңыз.