https://sputnik.kz/20230215/bilim-mekemelerinde-keshendi-qauipsizdik-zhuyesinin-bar-zhogy-tekseriledi-32106147.html
Білім мекемелерінде кешенді қауіпсіздік жүйесінің бар-жоғы тексеріледі
Білім мекемелерінде кешенді қауіпсіздік жүйесінің бар-жоғы тексеріледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев облыс әкімдерінің орынбасарлары, білім басқармалары мен білім беру саласындағы сапаны... 15.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-15T08:21+0500
2023-02-15T08:21+0500
2023-08-09T12:17+0500
білім және ғылым министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0f/32105725_0:84:1600:984_1920x0_80_0_0_ac6f6dab79d25fe6e89bface2eec0d6f.jpg
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев облыс әкімдерінің орынбасарлары, білім басқармалары мен білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары қатысқан бірлескен шұғыл кеңесте еліміздің барлық білім беру мекемесінің қауіпсіздік кешенді жүйесімен қамтамасыз етілуін тексеруді тапсырды.Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Петропавл қаласындағы мектепте алдын ала тексеру нәтижелері және оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарлары туралы айтты."Комитет әдістемелік және психологиялық көмек бойынша жұмысты жалғастырады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылдан бастап білім беру объектілеріндегі қауіпсіздік жағдайына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Келесі аптадан бастап бір ай бойы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің, ата-аналар қауымдастығының, сарапшылардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен оқу орындарында қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселесі бойынша тексеру жүргіземіз", - деп атап өтті комитет төрағасы.Оның айтуынша, министрлік балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтен қорғау, оның ішінде қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру жөніндегі кешенді жоспардың жобасын әзірлеуде."Оған 20-ға жуық мемлекеттік органдар мен өңірлер жұмылдырылған. Жуық арада өткізу режимінің регламентіне өзгерістер енгізіледі", - деп атап өтті Насымжан Оспанова.Кеңес соңында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2023 жылдың 20 ақпанынан 20 наурызына дейін еліміздің барлық оқу орнының кешенді қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізуді тапсырды.Осы мәселе аясында өзара әрекеттесудің тиімді тетіктерін әзірлеу жүктелді. Бұл ретте орта білім комитеті білім алушылар үшін арнайы қауіпсіздік сабақтарының циклін әзірлеуі қажет. Білім басқармалары оны білім беру ұйымдарында полиция және төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп өткізуге тиіс.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0f/32105725_90:0:1511:1066_1920x0_80_0_0_cc74222f502532a20cd720d50d278104.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
білім және ғылым министрлігі
білім және ғылым министрлігі
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев облыс әкімдерінің орынбасарлары, білім басқармалары мен білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары қатысқан бірлескен шұғыл кеңесте еліміздің барлық білім беру мекемесінің қауіпсіздік кешенді жүйесімен қамтамасыз етілуін тексеруді тапсырды.
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Петропавл қаласындағы мектепте алдын ала тексеру нәтижелері және оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарлары туралы айтты.
"Комитет әдістемелік және психологиялық көмек бойынша жұмысты жалғастырады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылдан бастап білім беру объектілеріндегі қауіпсіздік жағдайына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Келесі аптадан бастап бір ай бойы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің, ата-аналар қауымдастығының, сарапшылардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен оқу орындарында қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселесі бойынша тексеру жүргіземіз", - деп атап өтті комитет төрағасы.
Оның айтуынша, министрлік балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтен қорғау, оның ішінде қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру жөніндегі кешенді жоспардың жобасын әзірлеуде.
"Оған 20-ға жуық мемлекеттік органдар мен өңірлер жұмылдырылған. Жуық арада өткізу режимінің регламентіне өзгерістер енгізіледі", - деп атап өтті Насымжан Оспанова.
Кеңес соңында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2023 жылдың 20 ақпанынан 20 наурызына дейін еліміздің барлық оқу орнының кешенді қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізуді тапсырды.
Осы мәселе аясында өзара әрекеттесудің тиімді тетіктерін әзірлеу жүктелді. Бұл ретте орта білім комитеті білім алушылар үшін арнайы қауіпсіздік сабақтарының циклін әзірлеуі қажет. Білім басқармалары оны білім беру ұйымдарында полиция және төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп өткізуге тиіс.