https://sputnik.kz/20230215/astana-er-adam-namaz-270-myn-tenge-32140141.html
Астанада ер адам намаз кезінде 270 мың теңге ұрлап кетті
Астанада ер адам намаз кезінде 270 мың теңге ұрлап кетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Полицейлер Астана мешітінде ұрлық жасаған 31 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 15.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-15T12:27+0500
2023-02-15T12:27+0500
2023-02-15T12:27+0500
қоғам
намаз
ұрлық
https://sputnik.kz/img/07e6/07/09/26024688_0:160:3074:1889_1920x0_80_0_0_fb8b23799aceda89b2ba282d9313972c.jpg
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Полицейлер Астана мешітінде ұрлық жасаған 31 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері мешіттегі ұрлықты әшкереледі. Жедел-іздестіру шаралары барысында намаз кезінде ақша ұрлаған 31 жастағы ер адам ұсталды.Тергеу барысында анықталғандай, күдікті Рахимов көшесінің бойындағы мешітке барған. Намаз кезінде ол залдың ең соңғы қатарына жайғасады. Сол сәтте терезенің алдында жатқан күрткелерге көзі түседі. Намазға жиналған жамағаттың байқамай тұрғанын пайдаланып, күрткелердің бірін алып, қалтасын тексере бастаған. Әмияннан 600 доллар (270 мың теңге шамасында) тапқан. Сөйтіп ақшаны алып, әмиянды күрткенің қалтасына қайта салып, мешіттен шығып кеткен.Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.Ұсталған адам кінәсін мойындады, заттай айғақтар тәркіленді. Қазір күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/09/26024688_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_429f38d0598d8e94134e5b5341942256.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
намаз, ұрлық
Астанада ер адам намаз кезінде 270 мың теңге ұрлап кетті
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Полицейлер Астана мешітінде ұрлық жасаған 31 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды
Polisia.kz. Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері мешіттегі ұрлықты әшкереледі. Жедел-іздестіру шаралары барысында намаз кезінде ақша ұрлаған 31 жастағы ер адам ұсталды.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті Рахимов көшесінің бойындағы мешітке барған. Намаз кезінде ол залдың ең соңғы қатарына жайғасады. Сол сәтте терезенің алдында жатқан күрткелерге көзі түседі. Намазға жиналған жамағаттың байқамай тұрғанын пайдаланып, күрткелердің бірін алып, қалтасын тексере бастаған. Әмияннан 600 доллар (270 мың теңге шамасында) тапқан. Сөйтіп ақшаны алып, әмиянды күрткенің қалтасына қайта салып, мешіттен шығып кеткен.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ұсталған адам кінәсін мойындады, заттай айғақтар тәркіленді. Қазір күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.