https://sputnik.kz/20230214/ulttyq-qor--balalar-shotynda-aqsha-zhinalady-32088248.html
"Ұлттық қор – балаларға": 18 жасқа толған қазақстандықтың шотында қанша ақша жиналады
"Ұлттық қор – балаларға": 18 жасқа толған қазақстандықтың шотында қанша ақша жиналады
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Қаржы министрлігінің болжамынша "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында баланың шотында 18 жыл ішінде 3 500 доллар жиналады. Бұл... 14.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-14T15:58+0600
2023-02-14T15:58+0600
2023-02-14T16:00+0600
ұлттық қор
балалар
қазақстандықтар
шоттар
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18892827_81:0:3722:2048_1920x0_80_0_0_79accbf9706400deb199e254b3a7f369.jpg
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Қаржы министрлігінің болжамынша "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында баланың шотында 18 жыл ішінде 3 500 доллар жиналады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында қордың инвестициялық табысының 50%-і 18 жасқа дейінгі балалардың шотына аударылады. Жоба операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болады. Сәби дүниеге келген кезде Әділет министрлігі Жеке тұлғалардың деректері базасы негізінде шот автоматты түрде ашылады. Ұлттық қордың инвестициялық табысы баланың шотында 1 қаңтарда аударылып тұрады. "Жекелеген кезеңдерде инвестициялық кіріс теріс мәнде қалыптасуы мүмкін екенін ескеріп, инвестициялық табыстың ставкасын өткен жылдардағы орташа жылдық мән негізінде айқындау жоспарланып отыр. Болжамдық бағалаулар бойынша мұндай әдіс бағдарламаға туған сәттен бастап қатысқан балаға 150-160 АҚШ доллары мөлшерінде 18 жылсайынғы төлем алуға мүмкіндік береді", - деді Темірбеков сенатта өткен отырыста. Ұлттық банк Ұлттық қордың өткен жылдардағы орташа кірісін ескеріп, инвестициялық табыстың 50%-ін есептейді. "Инвестициялық табыстың ставкасын 18 жылдағы орташа жылдық мән деңгейінде айқындау ұсынылып отыр. Сонда баланың (18 жасқа толғанда) жинаған сомасы 3500 долларды құрайды деп болжанып отыр", - деді вице-министр. Қазақстандық 18 жасқа толғанға дейін ақша Ұлттық қорда болады және қаржы құралдарына инвестицияланады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18892827_536:0:3267:2048_1920x0_80_0_0_055720fd51b6a3666da197da4787686c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
ұлттық қор, балалар, қазақстандықтар, шоттар
ұлттық қор, балалар, қазақстандықтар, шоттар
"Ұлттық қор – балаларға": 18 жасқа толған қазақстандықтың шотында қанша ақша жиналады
15:58 14.02.2023 (жаңартылды: 16:00 14.02.2023) АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Қаржы министрлігінің болжамынша "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында баланың шотында 18 жыл ішінде 3 500 доллар жиналады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында қордың инвестициялық табысының 50%-і 18 жасқа дейінгі балалардың шотына аударылады. Жоба операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болады.
Сәби дүниеге келген кезде Әділет министрлігі Жеке тұлғалардың деректері базасы негізінде шот автоматты түрде ашылады. Ұлттық қордың инвестициялық табысы баланың шотында 1 қаңтарда аударылып тұрады.
"Жекелеген кезеңдерде инвестициялық кіріс теріс мәнде қалыптасуы мүмкін екенін ескеріп, инвестициялық табыстың ставкасын өткен жылдардағы орташа жылдық мән негізінде айқындау жоспарланып отыр. Болжамдық бағалаулар бойынша мұндай әдіс бағдарламаға туған сәттен бастап қатысқан балаға 150-160 АҚШ доллары мөлшерінде 18 жылсайынғы төлем алуға мүмкіндік береді", - деді Темірбеков сенатта өткен отырыста.
Ұлттық банк Ұлттық қордың өткен жылдардағы орташа кірісін ескеріп, инвестициялық табыстың 50%-ін есептейді.
"Инвестициялық табыстың ставкасын 18 жылдағы орташа жылдық мән деңгейінде айқындау ұсынылып отыр. Сонда баланың (18 жасқа толғанда) жинаған сомасы 3500 долларды құрайды деп болжанып отыр", - деді вице-министр.
Қазақстандық 18 жасқа толғанға дейін ақша Ұлттық қорда болады және қаржы құралдарына инвестицияланады.