Тоқаев Ақмола облысында бірқатар нысанды аралады - видео

© Photo : Telegram/AqordaТоқаев Ақмола облысында бірқатар нысанды аралады
Тоқаев Ақмола облысында бірқатар нысанды аралады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы жұмыс сапары барысында бірқатар нысанды аралады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент азаматтық қорғау академиясынан кейін агроинновациялық корпорацияның жұмысымен танысты. Ол жерде жыл сайын 3 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы шығарылады.
Соның ішінде тракторлар, комбайндар, экскаваторлар, шөп шабатын және жинайтын машина, тырма, тіркеме, жүк тиегіш, соқа және тағы басқа техника бар.
Қазіргі кезде корпорацияда 300-ге жуық адам жұмыс істейді.
Одан "Viamedis Kokshetau" клиникалық оңалту орталығын көрді. Орталықтың жанынан 250 пациентке арналған емхана салынған. Емханада 20 мың адам тіркелген. Ал ұжымда 235 медицина қызметкері бар.
Тоқаевқа Көкшетаудағы 630 орындық көпсалалы заманауи аурухананың жобасы да таныстырылды.
Жаңалықтар
0