https://sputnik.kz/20230214/qaragandylyq-oqushylar-qazaqstan-tarikhyn-daripteytin-komiks-zhurnal-shygardy-32026710.html
Қарағандылық оқушылар Қазақстан тарихын дәріптейтін комикс журнал шығарды
Қарағандылық оқушылар Қазақстан тарихын дәріптейтін комикс журнал шығарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Қарағандыда Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары "Тарихи хикаялар" сериясымен комикс журнал... 14.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-14T07:00+0500
2023-02-14T07:00+0500
2023-08-09T09:58+0500
тарих
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0c/32014363_0:0:3640:2048_1920x0_80_0_0_3d2ab01e6861021b73935637325062e6.jpg
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Қарағандыда Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары "Тарихи хикаялар" сериясымен комикс журнал шығара бастады, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Тарих пәнінің мұғалімі Әсем Тарыбаеваның айтуынша, мақсат – тарих пәніне деген қызығушылықты заман өзгерістеріне сай насихаттау."Төменгі сынып оқушылары сурет арқылы ақпаратты тез қабылдайды және аниме, манга жанрына құмар. Мұны кітапханаға комикс сұрап келетін балалардың көптігінен байқап, 11-сыныптың оқушыларына қазақша комикс жасап көруді ұсындым. Олар бірден келісті. Алдымен тақырып таңдап, зерттеп іске кірісіп кетті де көп ұзамай мектеп басшылығының қолдауымен "Қазақ хандығының құрылуы" атты комикс дайын болды", - дейді ол.Алғашқы 10 дана журнал мен комикстің электронды нұсқасы мектеп ішінде үлкен сұранысқа ие. Бұл Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында комикс үйірмесінің ашылуына түрткі болды.Қазір мұнда 15 бала жаңа жанрды иегеруде. Ашылғанына 1 ай болған үйірме қатысушылары "Тарихи хихикаялар" сериясының екінші шығарылымын ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арнап отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0c/32014363_455:0:3186:2048_1920x0_80_0_0_5ee3d41110a37f4fee7dce1eee240495.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тарих, оқушы
Қарағандылық оқушылар Қазақстан тарихын дәріптейтін комикс журнал шығарды
07:00 14.02.2023 (жаңартылды: 09:58 09.08.2023) АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Қарағандыда Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары "Тарихи хикаялар" сериясымен комикс журнал шығара бастады, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Тарих пәнінің мұғалімі Әсем Тарыбаеваның айтуынша, мақсат – тарих пәніне деген қызығушылықты заман өзгерістеріне сай насихаттау.
"Төменгі сынып оқушылары сурет арқылы ақпаратты тез қабылдайды және аниме, манга жанрына құмар. Мұны кітапханаға комикс сұрап келетін балалардың көптігінен байқап, 11-сыныптың оқушыларына қазақша комикс жасап көруді ұсындым. Олар бірден келісті. Алдымен тақырып таңдап, зерттеп іске кірісіп кетті де көп ұзамай мектеп басшылығының қолдауымен "Қазақ хандығының құрылуы" атты комикс дайын болды", - дейді ол.
Алғашқы 10 дана журнал мен комикстің электронды нұсқасы мектеп ішінде үлкен сұранысқа ие. Бұл Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында комикс үйірмесінің ашылуына түрткі болды.
Қазір мұнда 15 бала жаңа жанрды иегеруде. Ашылғанына 1 ай болған үйірме қатысушылары "Тарихи хихикаялар" сериясының екінші шығарылымын ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арнап отыр.