https://sputnik.kz/20230214/prezident-stepnogorsk-zhylu-elektr-ortalygynyn-zhumysymen-tanysty-32099115.html
Президент Степногорск жылу электр орталығының жұмысымен танысты
Президент Степногорск жылу электр орталығының жұмысымен танысты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Степногорск қаласының жылу электр орталығының жұмысымен танысты.Президентке "Степногорск жылу электр орталығы"... 14.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-14T18:52+0500
2023-02-14T18:52+0500
2023-02-14T18:58+0500
өңірлер
мемлекет басшылары
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0e/32099291_0:35:1280:755_1920x0_80_0_0_ce4a91078985da3ff2807fd7ec52a309.jpg
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Степногорск қаласының жылу электр орталығының жұмысымен танысты.Президентке "Степногорск жылу электр орталығы" ЖШС-нің техникалық жай-күйі және Ақмола облысындағы жылыту маусымының барысы жөнінде мәлімет берілді.Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, өңір бойынша Степногорскіде бір ЖЭО бар және 663 қазандық жұмыс істейді. Қазандық жабдықтарының орташа тозу деңгейі 50 пайызға жеткен. Степногорск қаласындағы жылу желілерінің 82 проценті тозған. Ақмола облысында жылыту маусымы аяқталғаннан кейін барлық жылу желісіне және қазандық жабдықтарына техникалық тексеру жүргізіледі. Облыс әкімінің баяндамасын тыңдаған президент премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға әкімдікпен бірге Степногорск қаласын жылумен қамту мәселесінің шешу жолдарын егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды. "Роман Васильевич, сіз әкімдікпен бірге отырып, осы мәселелерді шешу үшін іс-әрекеттер алгоритмін әзірлеуіңіз керек. Бұл жағдайда бәрінің де – иелерінің де, әкімдіктің те, оператордың да тығырыққа тірелгені байқалады. Аталған мәселелерді дәл қазір асығыс шешпеуіміз керек. Сіз маған баяндадым деп есептеңіз. Енді осы мәселені шешумен айналысу керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Сонымен қатар мемлекет басшысына Көкшетау қаласындағы ЖЭО құрылысына қатысты тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берілді. Облыс әкімі үкіметпен бірлесіп, жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. ЖЭО-ның қуаттылығын сағатына 520Гкал жылу мен 240MBт электр энергиясын өндіретін деңгейге дейін ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.
https://sputnik.kz/20230120/turik-investory-kokshetauda-zheo-saluga-qyzygushylyq-tanytty-31294728.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0e/32099291_114:0:1166:789_1920x0_80_0_0_a7116f58045eee2084aa09d191bc3b47.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекет басшылары
Президент Степногорск жылу электр орталығының жұмысымен танысты
18:52 14.02.2023 (жаңартылды: 18:58 14.02.2023) АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Степногорск қаласының жылу электр орталығының жұмысымен танысты.
Президентке "Степногорск жылу электр орталығы" ЖШС-нің техникалық жай-күйі және Ақмола облысындағы жылыту маусымының барысы жөнінде мәлімет берілді.
Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, өңір бойынша Степногорскіде бір ЖЭО бар және 663 қазандық жұмыс істейді. Қазандық жабдықтарының орташа тозу деңгейі 50 пайызға жеткен. Степногорск қаласындағы жылу желілерінің 82 проценті тозған. Ақмола облысында жылыту маусымы аяқталғаннан кейін барлық жылу желісіне және қазандық жабдықтарына техникалық тексеру жүргізіледі.
Облыс әкімінің баяндамасын тыңдаған президент премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға әкімдікпен бірге Степногорск қаласын жылумен қамту мәселесінің шешу жолдарын егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.
"Роман Васильевич, сіз әкімдікпен бірге отырып, осы мәселелерді шешу үшін іс-әрекеттер алгоритмін әзірлеуіңіз керек. Бұл жағдайда бәрінің де – иелерінің де, әкімдіктің те, оператордың да тығырыққа тірелгені байқалады. Аталған мәселелерді дәл қазір асығыс шешпеуіміз керек. Сіз маған баяндадым деп есептеңіз. Енді осы мәселені шешумен айналысу керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар мемлекет басшысына Көкшетау қаласындағы ЖЭО құрылысына қатысты тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берілді. Облыс әкімі үкіметпен бірлесіп, жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. ЖЭО-ның қуаттылығын сағатына 520Гкал жылу мен 240MBт электр энергиясын өндіретін деңгейге дейін ұлғайту жөнінде шешім қабылданды.